ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАС ИМАММЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

11:21, 22 шілде 2021

«Антикор орталығы» ғимаратының жиын залында облыстың бас имамы AntikorLive жобасының аясында тікелей эфирге шықты. Спикердің сөзін аталған департаменттің әлеуметтік желідегі парақшасына тіркелген оқырмандары тыңдады

Антикор – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Бұндағылар мемлекет қазынасына қол сұққандарды, пара алғандарды жазаға тартады.  Яғни, адалдықтан ада қоғам мүшелерімен күрес. Ұйымдастырушылардың сөзінше, діндегі адалдық, парасаттылық хақындағы насихат осы салаға да керек. Сол себепті де аймақтың бас имамын өздерінің парақшасында тікелей эфирге шығарып, түсіндіру жұмысын осындай форматпен жалғапты.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, облыстың бас имамы:

-Адалдық дегеніміз адам бойындағы ең игі қасиет. Адамгершілк қасиеттің ең асыл бөлігі. Физика ғылымы бар, математика ғылымы бар. Сол сияқты адамгершілік ғылымы бар. Оның шоқтығы бәрінен биік. 

«Парасатты қоғамды көргіміз келсе – отбасылық тәрбиеге баса мән берілуі керек». Бас имам ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас көп мәселенің шешімі екенін айтты. Тікелей эфирде қозғалған тақырыптың бірі осы. Оқырмандар үшін өзге де тағылымды ойлар қозғалды.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, облыстың бас имамы:

-Атом бомбасын ойлап тапқан ғалым бар. Ол - ғалым! Яғни, ақылды. Бірақ, оның ғылымы адамдарды қыру үшін жұмсалып отыр. Адалдық, ізгілік, әділдік дегеннің бәрі адамгершілік ғылымына жатады.

Біздің облысқа жауапты Антикор орталығы адалдық төңірегіндегі насихат жұмыстарын инстаграм әлеуметтік желісінде белсенді жүргізіп жүр. Парақшада атқарылған жұмыстары туралы есеп береді және түрлі тиісті тақырыпта бейнероликтер жариялайды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар