ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАЛЫҚШЫ ҚАРИЯ

15:21, 13 қаңтар 2022

Қарағанды облысының Приозерск қаласында балықшы әже тұрады. 71 жастағы қария осымен 30 жыл қармаған сайлап, қанжығасын майлап жүр. Бастапқыда бұл кәсібі күн көріс қамы болса, қазір хоббиге айналған.

Наталья Хомич  ерте тұрып қармағы мен керек-жарағын сайлауда. Себебі қармақ таңертен салымды келеді. Дорбасында балық аулауға арналған жем азығы мен шөл басар шәйі де бар.

71 жастағы зейнеткер үшін бүгінде балық аулау сүйікті істерінің бірі ғана.  Дегенмен бастапқыда осы кәсіпті үйренуге 90 жылдардағы экономикалық ахуал себеп болыпты. Жұмысынан қысқарып қалған жалғызбасты ана кішкентайларын осылай асыраған. Үйде азық болмағанда балық жеп күнелттік дейді.

Наталья ХОМИЧ, зейнеткер:

-Бізде басқа аман болда ма? Бау бақша болған жоқ. Бізде тек балық қана болды. Азын аулақ ақшамызды нан сатып алуға тығатынбыз. Тіпті балықтың жемі үшін құрт құмырсқа ұстап қармақтың ілмегіне салатынбыз.

Наталья Хомич балық аулауды  кәсіп көзіне айналдырмаған. Барын бағалап, қармағына іліккен нәпәқасын жақындарымен бөлісіп отырады.

Наталья Хомич, зейнеткер:

-Біз тату болдық. Бір бірімізді қолдайтынбыз. Көрші әжелерім мен аблық аулап келген күні есігімнің алдында дорбаларын ұстап дайын тұратын. Мен бәріне таратып беретінмін. Басымыздан қандай қиын жағдайлар өтсе де ешқашан балықты сатқан емеспі.

Бұл  Наталья  Григорьевнаның көлге деген құрметі. Кәсіби балықшы бүгін балық қармаққа түспейтінін бірден айтты. Дегенмен ауа-райының қолайлы күндері ұзындығы 80 см салмағы 8 келі тартатын Ақсыла балығының бірнешеуін аулаған екен.

Зейнеткер үшін бұл салауатты өмір салтын сақтаудың жолы. Қыстың қақаған суығының өзінде мұз оятын бұрғысын алып, өзен  жағалап кетеді. Қалыңдығы 1 метр мұзды оюға тура келеді. Бұл кейіпкеріміз үшін таптырмас жаттығу.

Наталья Хомич, зейнеткер:

-Әзірге күш қуатым болып тұрғанда жүріп тұру керек. Таза ауаны жұтып, табиғаттың ғажайыбын бойыңа сіңіру қажет. Қозғалыс қимыл адамға денсаулық береді.

Сырт көзге тосын көрінетін бұл ермегін көршілері де жоғары бағалайды екен. Наталья  Григорьевнаны іздесек көлден табамыз дейді өздері.

Нәзилә БАКИТОВА, көршісі:

-Ол кісі таңертен ерте тұрып балық аулауға келеді. Балық аулағаннан ол ләззат алады. Күнде маған келіп біреуін тастап кетеді.

Кейіпкеріміз судың да өз иесі бар деп сенеді. Сондықтан тіршілік нәрімен сырласып, алғыс айтуды да әдетке айналдырған. 

Наталья Хомич, зейнеткер:

Бұл көл маған өмір береді. Өмір жасымды ұзартып отырған да осы көлдің тылсым күші. Мен күнде көлге келіп қызықтаймын. Менде Ресейге көшіп кетуге мүмкіндік болды. Бірақ мен өзімнің Қазақстанымды, Призерск қаласын, Балқаш көлімсді ештеңеге айырбастамаймын.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...