ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУДА

14:27, 8 шілде 2021

Жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде Қазақстанда балықшылар күні аталып өтеді. Осы атаулы күннің қарсаңында біздің түсіру тобымыз Қарағанды облысындағы ірі бекіре шаруашылығына барды. Патша балығы қалай өсіріліп, орталық аймақта қара уылдырық қалай алынады

«Қарағанды-бекіре» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балық шаруашылық саласындағы табысты жетістігімен танымал.  Климаттық жағдайларды ескере отырып, тоған  сумен жабдықтау технологиясы бойынша құрылды. Компания 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оның өнімдері Қазақстанның барлық қалаларында ғана емес, Ресейде де үлкен сұранысқа ие.

Өткен жылдан бастап, кәсіпорын бір жарым тонна қара уылдырық және 20 тонна тауарлы өнім өндірді. Қазір бұл бассейндерде 8 мыңнан астам Сібір бекіресі бар. Балыққа сұраныс өте жоғары. Бұған көбеюдің табиғи әдісі ғана емес, сонымен қатар инкубаторда өсіру де  ықпал етеді. Бұл шабақтарды жасанды түрде өсіру.

Сергей ЗАРИПОВ, «Қарағанды-Бекіре» ЖШС бас балық өсірушісі:

-Инкубаторда балық өсіру  болашақта тауарлы өндіріске өсірілетін балық  шаруашылығын дамытуға тамаша мүмкіндік береді. Бұл аналықты өсіру арқылы тағамдық уылдырықты көбейтуге мүмкіндік береді.  Бұл балық аулау фермаларында өзін жақсы көрсеткен бекіре тұқымдас балықтардың жеке аппараты болып саналады.

Балықтар екі жастан  үш жасқа толғанда ультрадыбыстық диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.  Бұл балықтың жынысын анықтауға көмектеседі. Аталықтар тауарлық өнімдерге, ал аналықтары асқа қолдану үшін тағам ретінде қолданылады.

Балықтан уылдырық алу жұмыстары осылайша жалғаса береді. Оны  көбейту жолдары бар. Сондай-ақ, өз мезгілінде уылдырық шашу жүйелі түрде жүзеге асады, дейді мамандар.

Сергей ЗАРИПОВ, «Қарағанды-бекіре» ЖШС бас балық өсірушісі:

-Уылдырық алу әдісі де өзгеше. Оны алғанда балықтың тірі қалуын қамтамасыз етеміз. Болашақта ол бір жыл ішінде қайта өнім береді. Жалпы, басқа фермалардың тәжірибесінен өзгешелік, шамамен 5-6 рет уылдырық алуға мүмкіндік береді.

Балық шаруашылығында адамдар онша көп емес. Барлығы  10 маман жұмыс істейді. Кәсіпорын толығымен автоматтандырылған. Күнделікті тамақтандырудан  бастап суды тазартуға дейінгі  жұмыстар атқарылады. Болашақта кәсіпорын Қарағандының отандық тауарлы өнімі арқылы еліміздің сұранысын қамтамасыз етпек.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...