ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА ЖАҢА ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

09:41, 20 қаңтар 2022

Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде» балаларға арналған «BALAQAY.TV» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты мен міндеті қандай? Тілшіміз айтып берсін.

2022 жыл – балалар жылы деп жарияланды. Осыған орай «Достық үйі» «BALAQAY.TV» атты жобаны іске қосты. Өсіп келе жатқан ұрпақты бірлікке, достыққа тәрбиелеу – аталған бастаманың міндеті. Оған аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің және «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатыспақ.

Эльмира ОРЫНБАЕВА, Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары

-Бұл жобаның басты мақсаты-өскелен  ұрпақты, жастарды  мейірімділікке  тәрбиелеу. Балалардың бірлік  ынтымақтарын  арттыруға үлесін  қосу. Бұл жердегі ең бір ерекше атап  өтетін дүние, біз бұл жерде қазақ тілі  арқылы өзге  ұлттардың,  этно-мәдени  бірлестіктердің салт- дәстүрлерін, қазақ тілін  дәріптейміз.  Бұл жерде- қазақ  тілінің  мәртебесін арттыру  болып табылады.

Жобаның үш бағыты бар. Мысалы, «Ертегілер елінде» деп аталатын айдарда әр этностың ертегілерін көруге болады. Ал, «Сәттілік, жас дарынынан!» ұлттардың асханасы мен киімдері және мәдениеті жөнінде білесіз. Қоршаған адамдар мен заттар туралы ақпаратты «Бұл кім? Бұл не?» айдарынан тыңдайсыз.

Эльмира ОРЫНБАЕВА, Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары

-Екінші бағыт  бойынша  айта кететін болсақ, « Өнерің  өрге жүзсің» бағытында  біз облысымыздағы  шығармашыл, өнерлі  балақайларды түсірілім алаңына шақыратын  боламыз.  Оның  барлығы  түсіріледі, әдемілеп көрерменге  ұсынылатын  болады. Бұның  барлығы YouTube  арнасында, әлеуметтік  желілерде барлығы жарияланып, осы облысымызда балалардың  қадамын  нығайтуға өзіндік  бір  септігін тигізетіне кәміл  сенемін. Ол кім, бұл не?  бағыты  бұл жерде  біз балалардың  интелектуалдық даумын  көрсететін  боламыз. Бұл жерде  ой өрісінің кеңеюіне  септігін тигізетін  бағыт. Танымдық, біз бұл жерде әр түрлі  бағыттарды  аламыз  ғылыми  бағыт, білім  саласы,  экономика еліміздің бұны  баланың  тілімен жеткізуге  тырысамыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаны келесі жылы да жалғастыру жоспарлануда. Қызығушылық танытқан ата-аналар байланысқа шығып, ұсыныстарын білдіріп жатыр екен.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар