БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ САЛЫНБАҚ

13:24, 12 қараша 2019

2020 жылы Жәйрем кентінде қорғасын және мырыш концентратын алатын фабрика салынбақ.Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кентке жасаған жұмыс сапары барысында, құрылыс жұмыстарының барысы мен танысты

Инвестициялық жобаның құны – 145 млрд.теңгені құрап, отыр. Өндіріс ошағы  Индустрия 4.0  элементтерін қолдана отырып, ең заманауи стандарттар бойынша салынбақ.Фабрика іске қосылғанда  1000 адамға жаңа жұмыс орны ашылып,қарқынды дамуы үшін  бар мүмкіндіктер жасалады -деді, облыс әкімі.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5,0 млн.тоннаға дейін полиметалл кендерін қайта өңдеуді, 72 мың тоннаға дейін қорғасын  және 308 мың тонна мырыш концентратын шығаруды жоспарлауда.

Сапар аясында аймақ басшысы «Шұбаркөл Көмір» АҚ-да болды. Жеңіс Қасымбекке компания басшылығы өз қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық  мәселелері қалай шешіліп жатқаны  туралы баяндады. Аймақ басшысы сондай-ақ, «Центральный» көмір разрезін, коксохимиялық цехын және «Центр» вахталық кентінің 120 орындық жатақханасын аралап көрді. Алдағы уақытта, тағы да осындай 3 нысанның құрылысы жоспарланып отыр.

Рустам ИБРАГИМОВ, «Шубаркөл Көмір»АҚ Президенті:

-Қазір кокс ұнтақтарынан белсендірілген көмір өндіретін қондырғы іске қосылмақ. Ол металлургиялық комбинат қажеттіліктеріне бағытталған. Жылына 1000  тонна өнім өндіру жоспарда  бар. Коксохимия өндірісін іске қосқаннан кейін өндірістегі өнім көлемін 400 мың тоннаға дейін жеткізу жоспары тұр 

«Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамы кенішінде   жұмысшылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін футбол алаңы да салынған. Сонымен қатар, 175 адамды жұмыс пен қамтитын   кокс өндіретін зауыт салу жоспарланған. Қазір қуаттылығы жылына 1000 тонна болатын көмір өндіру жобасы іске асырылуда.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар