ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Баға тұрақтылығы – басты назарда

20:26, 17 қаңтар 2022

Облыста тұрақтандыру қорынан алынған өнімдерге бақылау күшейтіледі. Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері де басты назарда. Бұл облыс әкімінің төрағалығымен өткен онлайн-аппараттық кеңесте айтылды. Тілшіміз Сейітқали Әшім тарқатады.

Экономика басқармасының мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айында облыстағы тұтыну бағаларының индексі 108,5%-ды құрады. Тұрақтандыру және резервтік қорлар бағаны сақтап қалуға көмек көрсетеді.

Азамат МҰҚАНОВ, экономика басқармасының жетекшісі

– Өңірлерге келетін болсақ, әлеуметтік маңызы бар және азық-түлік тауарлары бойынша өсім Балқашта– 17, Қарағанды, Приозерск, Саранда  – 14, Қаражалда – 15, Жезқазғанда – 14, Сәтбаевта – 13, Шахтинскіде – 12, Теміртау қалаларында 10 пайызды құраған.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, тұрақтандыру қорында 292 тоннаға жуық өнім сақталған. Оның ішінде 41 тоннадан астам қарақұмық және 200 тоннадан астам шекер және 50 мың литр күнбағыс майы бар. Сондай-ақ көкөністерді: картопты, сәбізді және қырыққабатты қосымша сатып алу жоспарлануда.

Асқар САНАУБАРОВ, ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі

- Меморандумдарға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тұрақтандыру қорына 5100 тонна картоп пен 1800 тонна көкөніс: сәбіз, пияз және қырыққабат жеткізуге міндеттелді. Жергілікті құс фабрикалары да жұмыртқаны белгіленген бағамен сата бастады.

Кәсіпкерлік басқармасының  жетекшісі Татьяна Аблаева қоймаларда азық-түліктің жеткілікті екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоймаларда бір айға жететін өнім бар. Қосымша тауарлар әкелінеді деп күтілуде.

Татьяна АБЛАЕВА, кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі  

Тауар тапшылығын болдырмаумен қатар баға тұрақтылығы да қатаң қадағаланады. Олар коммерциялық қоймаларда сақталады. Айдың басында 1800 тонна өнім бар екені белілі болды. 20-шы қаңтарға қарай тағы 912 тонна өнім әкелінбек.

Сондай-ақ, жанар-жағармай мен көгілдір отын тапшылығын болдырмауды баса айтты.

СНХ: Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі 

– Бізге жүктелген міндеттерді орындап, қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Азық-түлік және басқа да халық тұтынатын тауарлардың барлық түрлеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастыруымыз қажет. Оның ішінде отын мен газ бар.

Сейітқали Әшім

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» ФИЛЬМІНІҢ  ТҰСАУКЕСЕРІ
17:22, 16 мамыр 2022
«ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар