ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАБАНЫҢ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН ШЕБЕР.

17:15, 3 шілде 2021

Ертең домбыра күні. Мереке қарсаңында телеарнамыздың тілшісі ұлттық аспапты жасаушы шеберге барып қайтты

Аман Сәдуақасов домбыраны 5 жасынан шерте бастапты. Бұл дарын әкесінен дарыған. 70-80 жылдары «Жетісу» және Арқа өңіріне белгілі «Тоқырауын толқындары» ансамбльдерінің құрмында болған. Ал, 92 жылы осы бір ұлт үшін қадірлі өнерді қолға алған. Айта кетейік, Аман Сәдуақасов екі шекті аспапты аршадан жасайтын орталықтағы жалғыз шебер.

Аман Сәдуақасов домбыраны әншінің дауыс ырғағына сәйкестендіріп жасайды. Бұл ерекшелігі оны бүкіл Қазақстанға танымал етіпті. Арша таңдау да оңай іс емес екен. Оны табу үшін тау-тас аралап та кетеміз дейді шебер. Қазаққа аты мәшһүр Нұрғиса Тілендиевке, Қаршыға Ахмедияровқа, Мағауия Хамзинға, тіпті заңғар жазушы, әдебиетіміздің классигі Мұхтар Мағауинге де арнайы домбыра жасап беріпті.

Аман СӘДУАҚАСОВ, домбыра шебері:

 - Бұл домбыра әсіресе шертпе-күйге арналған. Мен Мағауия Хамзинмен 4 жыл жұмыс істедім. Негізінен бізге ұлы композиторлардың, күйшілердің туындыларын ол өзі әкелген. Менде Хамзиннің өзі жазған күйлері бар. Менің архивімде Мағауия Хамзиннің өз шығармаларын өзі ойнайтын жазбалары да бар. Оның ешкім білмейтін күйлері бар. Мен оны жөндегім келеді.

92 жылдан бері Аман Сәдуақасов 3000 аса домбыра жасапты. Бүгінде аманатты арқалаған шебер шәкірт тәрбиелеу ойда бар дейді. Сол үшін үлкен шеберхана ашқысы келеді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...