ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АВТОМОБИЛЬ РЕЗИНАЛАРЫ ЖАНУДА

17:11, 22 қыркүйек 2021

Қарағандыда бірнеше күн бойы жанып жатқан қоқыс қалдықтарын өңдейтін кәсіпорынға біреу әдейі от жағуы мүмкін. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тұмшалаған түтіннен жақын маңдағы тұрғындар жапа шегуде

Жалын шыққан жекеменшік компания ескі автомобиль  дөңгелектерін қайта өңдеумен айналысады. Өрт қызыл іңірде, кешкі сағат сегізге қарай басталып, қалың қара түтін осы маңдағы жұмыскер кентін түгел басты. Оқиға орынына жеткен құтқарушылардың пайымынша тілсіз жау ашық от көзінен шыққан, яғни біреу әдейі жаққан болуы мүмкін.

Жанна ДӘУРЕНБЕКОВА, облыстық ТЖД ресми өкілі:

-Оқиға орынында ТЖД 95 адамы және 3 бірлік техникасы + жұмылдырылды.  Қолданған әрекеттермен өрт түнде 03:00 – де жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ашық от көзінен шыққаны анықталды.

Облыстық ТЖД өрт ауыздықталды десе де жалын әлі де ырық берер емес. Құтқарушылар үздіксіз сөндіріп жатыр. Сондай-ақ, тілсіз жауды тоқтатуға ҚТЖ-ның өрт сөндіру поездары да жұмылдырылды. Жалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған.

Ауаға тараған химиялық қалдықтарды экологтар да бақылауда ұстауда. Апат елді мекеннен 500 метр жерде орын алғандықтан, әзірге халыққа аса зияны тимепті.  Десе де мамандар түтін жақын арада тыйылмаса, салдары сойқан болуы мүмкін екенін айтады. 

Дархан ИСЖАНОВ, Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:

-Жалпы енді резина - техникалық бұйымдарда мұнай өнімдері кездеседі. Әрине бұл өте қауіпті, токсикалық заттар. Дегенменде қазіргі таңда ешқандай қауіпті жағдай байқалмайды. 

Будақтаған түтін салдарынан жергілікті тұрғындар бірнеше күннен бері далаға шығудан қалған. Олар қолқаны қапқан лас ауаның келтіріп жатқан зиян көлеміне алаңдаулы. 

Құтқарушылар біреу қасақана от салды десе де, полиция қылмыстық істі отпен абайсыз жұмыс істеу бабы бойынша тіркеген. Жекеменшік иесінің шығын көлемі де тергеу барысында анықталмақ.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...