ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЫЗСУ ҚҰБЫРЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛУДА

15:44, 21 шілде 2021

Жезқазған қаласында жалпы 200-нан шақырым ауызсу құбырларын ауыстыру жоспарланып отыр. Жауапты міндетті мойнына алған мұндағы мердігерлер де жүктелген жұмысты кестеден кешікпей еңсеруге кәдімігдей кіріскен. Халықты таза тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге бағытталған жоба «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының нақты нәтижесі

Бұл Жезқазған қаласының Алашахан даңғылы бойындағы жаңа солтүстік су құбыры. Мұнда бекітілген жобаға сәйкес 2 метр 80 сантиметр тереңдікте жер қазылып, полиэтилен трубалар сапалы салынуда, - дейді мердігерлер. Ал, қолға алынған құбыр құрылысы бірінші кезектегі жобаның қанат қақты қадамы екенін айтады, сала мамандары. Себебі аталған аумақ мысты шаһардағы  басты су құбыры болып саналады.

МӘРУА КЕЛМАҒАНБЕТОВА, Жезқазған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-213 шақырымның 160 шақырымы ауыстырылды. Қазір біз бірінші жоба бойынша нысан басында тұрмыз. Осы 15 километр қаладағы басты су құбырларының бірі. Бөлінген қаржы биылдыққа  1,4 миллиард теңгені құрап отыр.

Мысты шаһарды сапалы сумен қамтамасыз етуге нақты негізделген  жоспарлы жұмыс 2017 жылдан бастап іркілмей, ілгерілеген. Бастысы маңызды жоба «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 3 кезеңге сәйкес жүйелі жүзеге асырылып жатыр, деді жауаптылар. Ал, Жезқазған қаласы бойынша 218 шақырым ауызсу құбырын ауыстыру міндеті тұр.

Думан НҰРМАҒАНБЕТОВ, «Мелиоратор» ЖШС директорының орынбасары:

-Нысанда басындағы жұмысқа 30-40 жұмыскер жұмылдырылған. Қажетті арнайы техникалардың барлық түрі бар. Техникалық бақылаушы  қадағалап отырады. Кеткен кемшіліктерді талапқа сай түзетеміз.

Ауызсу құбырларын ауыстыру міндетін мойнына алған жауапты компанияның қажетті техникасы мен мамандары да жеткілікті. Мердігерлердің жұмысын қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері және авторлық, техникалық байқаушылар бақылайды.

Ержан МЫРЗАБЕКОВ, «Қазқадағалау» инженерлік компаниясының сарапшысы:

-Сын-ескертпелерді дер уақытында қалыпқа келтіреді. Менімен қатар мониторингтік топтар жасалған жұмыстың сапасын тексереді. Жергілікті билікпен бірлесе ілкімді істерді ілгерілетудеміз.

Бір ерекшелігі құбырдың құрылысына мердігерлер  бірыңғай отандық материалдарды қолдануда. Бұйыртса, 2022 жылы Жезқазған қаласының тұрғындары толығымен тап-таза тіршілік нәрін тұтынатын болады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар