ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЫЛДЫҢ КІРЕБЕРІС ҚАҚПАСЫН ОРНАТТЫ

12:35, 19 шілде 2021

Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылдық округіне қарасты Мыңадыр елді мекенінің кіреберісіне қақпа орнатылды. Оның жергілікті тұрғындар бірігіп ұйымдастырған

Жүк көлігі оп-оңай өтіп кететін осы бір биік, кең қақпа ауылдастардың бұрыннан ойластырып жүрген шаруасы екен. Төбесіне ырымдап шаңырақ қойыпты. Елді мекеннің атауы алыстан менмұндалап тұрады, түнде де қойылған жырқтан жазуды анық оқуға болады. Қаражатты өз қалталарынан шығарған. Жергілікті әкімдік те белсенді тұрғындардың бастамасын көре тұрып шетте қалмай, қолдау білдіріпті.

Айдын АСАНОВ, Мыңадыр ауылының тұрғыны:    

-Қазіргі заманда ватцап деген бар ғой. Соған жаздық осылай ұйымдастырайық деп. Бәрі қолдады. Жиналдық, жүзеге асырдық. Қақпаға шаңырақ орнаттық. Өйткені ауылымыз - қарашаңырағымыз.

Туған жерге осындай тарту жасап жатқан ауылдастар жөнінде біраз жерге хабар жетіпті. Ауылдық округтегі елге сыйлы ақсақалдар, игі жақсылар жиналды. Облыс орталығы Қарағандыдан «Рухани жаңғыру»  өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Ботпайұлы келіп, лента қию рәсіміне қатысты.

Айтбай БОТПАЙҰЛЫ, өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы:

-Өз ауылына, өз жеріне жаны ашитын азаматтар осылай ауылдастарының еңсесін тіктеп жатыр. Бұл Жібек жолының бойындағы қақпа деп айта аламыз. Осы қақпа арқылы ауылдың қандай екенін білуге болады. Оның тұрғындары туралы білуге болады. 

Ақтүбек ауылдық округінің іргесінде жатқан Атасу ауылына да бардық. Бұл елді мекеннің азаматтары бірігіп, көшеге «Жан жүрегім ауылым» атты жазу қойдырыпты.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
11:53, 24 қыркүйек 2021
ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ
14:47, 17 қыркүйек 2021
ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...