ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

12:26, 21 қыркүйек 2021

Қарағанды облысында астық жинау науқанын 10 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Асқар Санаубаров өңірлік коммуникация брифингінде мәлімдеді. Сондай-ақ сала басшысы агроөнеркәсіптік кешен саласында іске асырылып жатқан жобаларға да тоқталды

Ала жаздай тер төккен шаруалар күзгі астық жинау науқанына да білек сыбана кірісті. Біздің аймақта астық жинау науқанын 10-шы қазанға дейін тәмамдау жоспарлануда. Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 90%   жиналды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында көктемгі дала жұмыстары уақытылы аяқталған болатын. Бір қуантарлығы ауыл шаруашылығындағы дақылдардың егіс алқабының көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл 40 мың гектарға ұлғайды. Астық қабылдау кәсіпорындарында да жұмыс қыза түскен. Шаруалардың айтуынша, биыл да қамбаға астық  молынан түсетініне сенімді.

Асқар САНАУБАРОВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасының басшысы:

-Ауа райы қолайлы болған жағдайда астық жинауды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда 157 мың тоннадан астам картоп пен 19 мың тонна көкөніс жиналды. Картопты жинауды 1 қазанға дейін, көкөністерді – 10 қазанға дейін аяқтаймыз. Суармалы алқапқа ерекше көңіл бөлінді, оның ауданы ағымдағы жылы 1 308 гектарға ұлғайтылды. Жалпы облыс бойынша 22,8 мың гектарға жеткізілді. 2026 жылға дейін 27,9 мың гектар алқапта ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жобасын іске асыру жоспарлануда.

Ірі қараның санын азайтпау мақсатында, жайылым жерлерді кеңейту керек. Бұл  жұмыс жыл сайын күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі.  Соңғы 5 жылда мұндай жерлердің ауқымы екі есеге артқан. Сондай-ақ, облыста 2 мың тоннадан астам шөп, 24 мың тонна пішен, 17 мың тонна сүрлем және 120 мың тонна сабан дайындалды.

 Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құрылымдары техникаларды да жаңартуда. 8 айда 16 миллиард теңгеге, мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Асқар САНАУБАРОВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасының басшысы:

-  Өткен жылдан бастап облыста жайылымдардың тозуына қарсы күрес бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл орайда  Бұқар жырау ауданында 749 гектар алқаптағы жайылымдық жерлер қалпына келтірілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Сондай-ақ, жайылымдарды ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында оларды ылғалдандыру және ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша шаралар қабылдануда. 4 жыл ішінде облыс бойынша 638 мың гектар жайылым суарылды. Ағымдағы жылы қосымша 226 мың гектарға осындай жұмыс жүргізілді.

Сала басшысы агроөнеркәсіптік кешен саласында іске асырылып жатқан бірқатар жобаларға да тоқталды. Бұл орайда 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Мәселен, Жезқазған өңірінде заманауи жылыжайлар, құс фабрикасы, мал сою цехы салынып, жаңа шаруашылықтар  құрылады деп жоспарлануда. Осылайша өңірдегі азық-түлік, ет, көкөніс өнімдері молая түсіп, аталмыш нарықтың аясы кеңейе түседі. 

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...