ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЫЛ ҚАЙТА ТҮЛЕУДЕ

16:31, 14 қазан 2021

Қарағанды облысында иесіз қалған үйлер қалпына келтірілуде. Осындай жемісті жұмыстарды Бұқар жырау ауданының Доскей ауылының қайта жандануынан байқауға болады

Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында 90-шы жылдардың басында бос қалған тоғыз көпқабатты үй қалпына келтірілген. Баспана нысанының аумақтары да алдағы уақытта абаттандырылатын болады. Әсіресе, ауылда орын алып жатқан өзгерістерге балалар қуануда. Қалпына келтірілген үйде баспана алғандардың бірі Мария Сариди. Ұлы туғаннан кейін жалғызбасты ана ретінде ол тұрғын үйге кезекке тұрған.

Мария САРИДИ,  ауыл тұрғыны:

-Әрине, мен баспаналы болудан үміт үздім, себебі кезекте 7 жыл тұрдым. Ал биыл кілттерді алған кезде қуанышымда шек болмады. Ұлым екеуміз бақыттан басымыз айналып, қатты қуандық. Үй жылы, тіпті кіреберісте де батареялар ыстық. Мен 5 жыл аралығында оның иесі бола аламын. Айына 3 мың теңгеге жуық жалдау ақысын төлеймін.

Алғашында 40 пәтерлі үй қалпына келтірілді. Ол осы жылдың басында пайдалануға берілген. Нәтижесінде, кезекте тұрған азаматтар баспаналы болды. Қазіргі уақытта тағы екі үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нүркеш ШАҚМАНОВ, «Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бөлім басшысы:

– Олардың бірі 40 пәтерлік, екіншісі – 60 пәтерлік. Келесі жылдың көктемінде пайдалануға береміз. Олардағы пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлінеді. Бүгінде Бұқар жырау ауданында үй алуға кезекте 1 100 адам тұр, оның 139-ы Доскей ауылдық округінде.

Көп қабатты үйлерге барлық инженерлік желілер, соның ішінде орталықтандырылған жылыту желілері тартылған. Бұл үйлердің маңындағы әрбір аула абаттандырылады, асфальт төселіп, жарықшамдары тартылады. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында балалар алаңдары мен спорт алаңдары орнатылып,  футбол корты салынады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...