ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ

17:40, 25 шілде 2021

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау Бұқар жырау ауданының ауылдарында да өтіп жатыр. Ростовка ауылының сайлау учаскесінде 1000- нан астам сайлаушы бар

Ауылдық округте 3 елді мекен бар. Әрқайсысында бір-бірден сайлау учаскесі бар. Біздің түсірілім тобымыз Ростовка ауылына арнайы барды. Таңмен таласа оянған тұрғындар, бірден тұра сала дауыс беруге асыға келгендерін айтады. Бұл учаскеде барлығы 1145 адам тіркелген.

Есім АЙТЫШЕВ, Ростовка ауылының тұрғыны:

-Әркімнің өз бағдарламасы әртүрлі. Бізге біреуі ұнайды, біреуі ұнамайды. Біз бүгін таңдау үшін келдік. Мұны ауыл әкімінің алғашқы тікелей сайлауы деп айтуға болады. Менің ойымша, бұл демократияландырудың тағы бір қадамы.

Ауыл зейнеткерлері де дауыс беруде белсенділік танытты. Сергей Сливкин Ростовканың байырғы тұрғыны. Өмір бойы округтің игілігі үшін адал еңбек еткен. Қазір құрметті демалыста. Оның айтуынша, болашақ әкім ауыл жолдары мен әлеуметтік нысандарды қайта жөндеуден бастаса нұр үстіне нұр болар еді.

Сергей СЛИВКИН, зейнеткер:

-Сөздің емес, істің адамы болса, жақсы болар еді. Құрғақ уәде беріп, орындамаса ондай әкімнің не қажеті бар?Ауылбасы болатын азамат селодағы кем-кетік дүнелердің орнын қалыпқа келтірсе дұрыс болады. Мысалы, мына біз тұрған мәдениет үйінің іші тамаша. Ал, сырты быт-шыт.

Сайлау кезінде қарапайым санитарлық талаптар да сақталды. Кіреберісте антисептиктер қойылған. Ауыл медбикелері дене қызуын өлшеуде. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар денсаулықтарына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмған тұрғындарға да өз таңдауларын жасауға мүмкіндік берді.  88 жастағы тыл еңбеккері Надежда Криворучконы ауылдың барлық тұрғыны біледі. 47 жыл жергілікті мектепте мұғалім болып еңбек еткен. Ростовканың әлеуметтік өмірінде белсенді қызмет атқарған.

Қазір Ростовка ауылдық округінде 3 мыңнан астам адам тұрады. Сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен атқаратындарына сенімді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

12:34, 24 қыркүйек 2021
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ» ПЬЕСАСЫ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
12:30, 24 қыркүйек 2021
8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
11:53, 24 қыркүйек 2021
ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ
14:47, 17 қыркүйек 2021
ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...