ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ

17:12, 25 шілде 2021

Еліміздегі ауыл әкімдерін сайлау – елді мекендердің дамуымен қатар, халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына оң септігін тигізеді. Әрі саяси жаңғырудағы жаңашылдық жергілікті басқару жүйесіне тың өзгеріс әкеледі. Бұл Балқаш қаласына қарасты Гүлшат кентіндегі сайлаушылардың пайымы

Балқаш қаласына қарасты Гүлшат кентіндегі №206 сайлау учаскесіне  таңғы ұйқысы шайдай ашылып, келгендердің бірі Мейрам Мұғыманов. Ол  әскери қызметте 25 жыл  еселі еңбек еткен асқақ рухты азамат. Сондықтан елжанды ел ағасы егемен еліміз үшін аса маңызды шарада ерекше серпін танытып, өз таңдауын жасады. Ал, жаңашылдықтың жарқын қадамы саналған бұл реформа ауылды түлетіп,  тірлігін төрге оздыруға жол ашады, - дейді сайлаушы.

Мейрам  МҰҒЫМАНОВ, Гүлшат кентінің тұрғыны, сайлаушы:

-Бұл сайлаудан ауылымыз жақсы болсын деп күтеміз. Жаңа  әкіміміз тағайындалсын дейміз. Бағдарлы бастама  мемлекет басшысының маңызы қадамы деп білемін. Әлі-ақ ауылымыздың гүлденіп, көркейетініне сеніміміз мол.

Комиссия мүшелері саяси науқанға сақадай сай. Себебі саяси сауатты мамандар үшін бүгін жауапты сәт. Еліміздің  ертеңіне елеңдеп, ерте тұрып сайлауға келгендердің арасында егде жастағы адамдар мен ересектерде жетіп артылады. Ал, Гүлшат кентінде орналасқан  №206  сайлау учаскесіндегі сайлаудың өту барысын 3  байқаушы бақылауда. Олардың арасында партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің сенімді өкілдері бар.

Гүлнар КАРКЕНОВА,  №206 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы:

-Бүгін біздің Гүлшат кентінде  ауыл әкімдерін сайлау басталды. 206 сайлау учаскесі Балқаш қаласына қарайды. Мемлекетімізде алғаш болып жатқан сайлау. Бұрын ауданда, қалада депутаттар сайлайтын. Мұның ерекшелігі  ауыл тұрғындары әкімді өздері сайлайды. Қазақстанымызға, болашағымызға ерекше маңызы бар,  сайлау деп ойлаймыз.

Ал, жалпы Гүлшат кентінде 234 сайлаушы бар. Саяси додада бағын сынау үшін 4 үміткер өз кандидатурасын ұсынған екен. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, сағат 15.00-ге дейін  елді мекендегі халықтың 65 пайызы  дауыс берген. Бұған қоса  шалғайдағы Шұбартүбек бөлімшесінің жұрты үшін  жылжымалы сайлау жәшіктері арқылы дауыс беру ұйымдастырылған.
Жанбота РАХМЕТУЛЛҰЛЫ, тілші:

-Осы еліміздегі ауыл әкімдерін  сайлау -  ел тарихындағы елеулі оқиға. Әрі бұл саяси жаңғырудағы жаңашылдық - жергілікті басқару жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкеледі деп пайымдайды әлеумет. Түптеп келгенде тұрғындар әлеуметтік талабын орындайтын, білікті білгір басшыға өздері таңдау жасайды. Қысқасы жергілікті жұртшылық елді мекендердің еңсе тіктеп, азаматтардың өмір сүру сапасы жақсарады дегенге сенімі мол.

Жанбота РАХМЕТУЛЛҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

12:34, 24 қыркүйек 2021
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ» ПЬЕСАСЫ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
12:30, 24 қыркүйек 2021
8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
11:53, 24 қыркүйек 2021
ШАШУБАЙ КЕНТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ
14:47, 17 қыркүйек 2021
ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...