Қарағанды облысында аусыл болған 25 ірі қараның көзі жойылады. Мал иесіне нарықтық бағамен өтемақы төленеді.
Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын Шет ауданының Киікті ауылындағы қыстаудың бірінде екі бас малдан аусыл індеті анықталған болатын. Енді бір қорада болған барлық мал өртеледі. Облыстық ветеринарлық инспекция індет шыққан шаруа қожалығында карантин жариялаған. Соған орай төрт түлікті, мал өнімін, тіпті, құрал-жабдықтарды қыстаудан шығаруға тыйым салынған. Қазір індет ошағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, аусыл ірі қара ішінде аса қауіпті індет болып табылады. Ет, сүт арқылы адамға жұғу мүмкіндігі де жоғары.
Данияр МЕРҒАЗИН, ветеринарлық бақылау комитеті облыстық инспекция басшысының міндетін атқарушы
-Республикалық қордан ветеринарлық препараттар бөлініп, дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда. 01:33-01:45 Талдыбұлақ қыстағында блок-бекет қойылып, тәулік бойы кезекшілік, жергілікті полиция мен ветеринарлық қызмет тарапынан ұйымдастырылды. 01:54-01:59 Бүгінгі күні аудандағы эпизодиялық ахуал қатаң бақылауда.