ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АУЛА ФУТБОЛ ЛИГАСЫ – 2021

16:45, 12 шілде 2021

Аула футбол лигасы. Дәл осындай атаумен облыс орталығында арнайы жарыс басталды. 13 пен 20 жас аралығындағы жасөспірімдер үй аулаларындағы жасыл алаңда өзара кіл мықтыны саралады. Тамыз айына дейін жалғасатын шара бұл жолы Майқұдық елді мекенінде өтті

Жас теңбіл доп шеберлері бұл жолы Майқұдық елді мекеніндегі 18 ықшам ауданындағы үй аулаларының бірінде бас қосты. Мұнда балғындардың алаңсыз ойнауына қажетті жағдай жасалған. 4 команда тартысқа түсті. Жастайынан футбол спортын айрықша жаны сүйетіндердің бірі Арсылан Зекенов «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданындағы достарымен бірге команда жасақтап, бәсі жоғары бәсекеде  бақтарын сынап көрмекші. Тартысты ойындағы мақсат біреу. Өзгелерден даралану, топ жарып шығу. Сол үшін де тыңғылықты дайындалдық дейді.

Арслан ЗЕКЕНОВ, жарысқа қатысушы:

 - Біз достарымызбен аула футболы лигасына қатысуға келдік.  «Көгілдір тоғандар» шағын ауданынан келдік. Мен осы лигада өнер көрсетіп, 1-орын алғымыз келеді.  Достарымызбен ешқайда қатысқан жоқпыз. Өзіміз аулада кішкентай кезімізден ойнаймыз.

Теңбіл доп, жасыл кілемдегі тартысты ойын. Мақсат - жаз мезгілінде  бос уақытын қызықты және пайдалы өткізуге жағдай жасау. Салауатты өмір салтын насихаттау. Оларға мотивация беру. Дәстүрлі лиганың жыл өткен сайын ауқымы да кеңейе түсуде. Биыл Қарағандының барлық аулаларынан 100-ге жуық команда қатысуға ниет танытқан.

 Ерназар ЕЛАМАНОВ, «Жас Отан» ЖҚ белсендісі:

-Бүгін Октябрь ауданынан басқа  Пришахтинск ауданында футбол өтуде. Ол жақта үш команда. Финалға шыққандар арасында  іріктеу болады. Финалдық ойындар ұйымдастырылады. 

Лига барысында көзге түскен қатысушыларға «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылдаушы» номинациялары беріледі. Жеңімпаз командалар кубок, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталады.  Аула лигасы тамыз айына дейін жалғасады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...