ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

16:54, 20 қыркүйек 2021

Біздің өңірде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аударылады. Белсенді жастардың жұмысын бағалау мақсатында елордамыз Нұр-Сұлтаннан «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев келді. Бүгінгі таңда осы салада қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын біздің тілшіміз айтып береді

Алғашқы кездесу Теміртау қаласында өтті. Металлургтер шаһарында жастармен жұмыс істеудің жаңа форматы іске қосылыпты. Мәселен шығармашылыққа жақын жасөспірімдер өз жобаларын жергілікті теледидарда іске асырады. Тимур Жұмырбаевтың пікірінше, эксперимент сәтті өтіпті.

Тимур ЖҰМЫРБАЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы:

-Біз жастармен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне жастардың тартылуы мен қамтылуын арттыруға бағытталған жаңа медиа жобаларды талқылай алдық. Бүгін біз жастар арасында танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді игеру үшін алдымызға осындай міндеттер қойып отырмыз. Мысалы, "TikTok", "Instagram", "YouTube". Қолжетімді тілде біздің жастарға қызықты болатын мазмұн жасау.

Қарағандыдағы кездесу Достық үйінде өтті. «Жарасым» төрағасы Тимур Жұмырбаев қаламыздың белсенді жастарымен кездесті. Жиналыс барысында моноқалалармен, аудандармен және ауылдық жерлермен жұмысты күшейту қажет деп шешілді. Тимурдың айтуынша, жастарға республикалық деңгейде іске қосылатын, жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат жеткізілуі тиіс.

Тимур ЖҰМЫРБАЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы:

-Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау және іске асыру аясында еліміздің халқы мен Парламентіне айтылды. Бүгін біз "networking" форматында жастармен осы Жолдауда айтылған негізгі тармақтарды іске асыруға жастардың қалай үлес қоса алатынын талқылаймыз.

Тимур Жұмырбаев «Қазақстанда өте талантты жастардың өмір сүріп жатқанына тағы да көзім жетті дейді. Енді мұндай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...