ӨРТ ОҚИҒАСЫ 72%-ҒА АРТТЫ

16:08, 23 ақпан 2021

Қарағанды облысында 2021 жылдың басынан бері 205 өрт оқиғасы тіркеліпті. Салдарынан 10 адам қайтыс болған. Бұл былтырғы көрсеткішткен салыстырғанда әлдеқайда көп дейді мамандар. Өрт сөндірушілер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға үндеді

Көбіне көпқабатты үйлердегі пәтерлер мен жер үйлер өртенеді екен. Өткен сенбі жексенбінің өзінде тілсіз жаудан 20 адам құтқарылыпты. Мысалы Шаумян көшесіндегі бір баспананың шатыры отқа оранды. Үйдегі пештің қауіпсіз орынға қойылмауы – жайсыз жағдайдың басты себебі екен. Ботақара кентінде де дүкенге қабысып тұрған шағын қазандықтың шатыры өртенді.  

Теміртау қаласында да ірі өрт оқиғасы болды. Болжам бойынша тілсіз жау электр сымдарынан тұтанған. 6 адам құтқарлды. Оның екеуі бала. Сонымен қатар аталған қалада монша өртенді. Демалыс күндердің әлегі бұнымен біткен жоқ. Қарағандының Оңтүстік Шығысындағы Тәттімбет көшесінде ағаш жақтаулы әйнек, ал Таугүл шағын ауданында көмір қоймасы жанып кетті.

Қарағандылық екі құтқарушы Нұрбота Хасенов пен Әсет Төлеуханов өртеніп жатқан үйдің ішінен 4 баланы алып шыққаны үшін облыс әкімінің қолынан алғыс хат алған еді.

Өткен жылдың 25 қарашасында Лободы көшесіндегі пәтер өртенген. Нұрбота Хасенов пен Әсет Төлеуханов сол күні газдан қорғану қызметінде кезекшілікте жүріпті. Олар үйдің ішінен жылаған балалардың дауысын естіген екен. Ойланбастан есікті бұзып ашып, бүлдіршіндерді құтқарыпты.

Нұрбота ХАСЕНОВ, өрт сөндіруші:

Биылғы өрттің саны өткен жылғы көрсеткіштен 72%-ға өсіпті. Өрт сөндірушілер қайғылы жағадай көбіне адамдардың қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан болады дейді.  Әсіресе үйдегі электр сымдарын жиі тексеріп, қажет болса ауыстырып тұру керек.

Андрей МОИСЕЕВ, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

-Қазір пәтерлерде өрттің себепкері болатын кмшіліктер көп. Электр желілеріндегі жүктеме үлкен. Бұл электр шайнектері, электр плиталарын мысал ретінде айамыз. Мұның бәрі көп қуатты талап етеді. Сымдар ескі. Көңіл бөлінбейді. Уақтылы тексеру жүргізген дұрыс болады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...