5 ЖЫЛДА 100 МЛН АҒАШ

12:37, 11 маусым 2021

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. Биыл облысымызда бір жарым миллионға жуық ағаш қорын көгалдандыру жүзеге асады. Кешенді жоспар бойынша 5 жыл ішінде 100 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл Орталық коммуникациялар брифингінде айтылды

ҚР Президентінің жылдағы халыққа жолдауында 5 жылда мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу тапсырылды. Өткен жылы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман аймағына 100 мыңға жуық жапырақты көшет отырғызған.

Мақсат МҰҚАНОВ, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы директоры:

Орман мекемелері қарағай тұқымын жинау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда тек 2630 келі жиналған. Бұл тұқымдар алдымен тәлімбақтарға  егіледі. Бүгінгі таңда ағаш отырғызуға жарамды жерлер бір жарым мың гектардан асады. Алайда 2023 жылдан бастап бұл жеткіліксіз болмақ.

Бекзат МАХАЖАНОВ, Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бкасқармасы тарапынан орманды жерлерді көгалдандыру бойынша жобаларды әзірлеуге және мамандандырылған жабдықтар сатып алу үшін бюджеттік өтінім берілді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар