ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«АРҚАНЫҢ АҚБЕРЕНІ» АТТЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

15:51, 29 қараша 2021

Шет өңірінің тумасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Медиев Қасымбекке арналған «Арқаның Ақберені» атты кітаптың тұсауы кесілді.Оған көрнекті ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Тағылымды іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы асында іске асты

Мемлекет және Қоғам қайраткері Қасымбек Медиевтың өмір жолы мен еңбектері жинақталған туындының тұсау кесері Қарағанды университетінде өтті. Жинақта Қасымбек Медиұлының замандастары бірге жүрген сәттерінен естеліктер қалдырған.Бар дүниені әдемілеп,жарыққа шығарған Орталық Қазақстан газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков.

Ерсін МҰСАБЕКОВ, Орталық Қазақстан газетінің бас редакторы:

-Қасымбек Медиұлы өз халқына еңбегі молынан сіңген адам.Ол кісінің есімі ешқашан өлмейді.Өйткені өшпестей із қалдырды. Бұл кісінің шапағатын көрдік.Осы кітабын шығару бір аманат болатын маған.Мен кітаптың авторы емеспін.Тек жинақтаушымын.Кітаптың мазмұнына келетінболса, үзеңгілестері,замандастары қаолдырған естеліктерден тұрады.Мен соны әдемілеп, кем-кетігін толтырып, жарыққа шығуына көмектестім.

Артына өлместей мұра қалдырған қазақтың қазанаттай біртуар азаматына арналған іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов сөйлеп, қайраткердің мемлекеттік саясатты жүргізуде қосқан еңбегіне тоқталды.Сондай-ақ, еңбектің жарыққа шығуына Шет ауданы әкімдігімен ҚР Парламент сенатының депутаты Рысқалы Әбдікеров қолдау көрсетіпті.

Абзал НҮКЕНОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Қасымбек Медиұлының жаңа мына жинағын қолыма алып, көзім бір-екі жерін іліп қалды.Ол кісі Тәуелсіздік туралы заң қабылдағанда, бір ауыздан, кесіп, айтып көз созбай қабылдайық деген екен.Ол кісі туралы жинақтан қоғам өміріне бей-жай қарай алмаған жанашыр біртуар тұлға екенін  білуге болады.Осындай кісілердің артында қалған мына біздер ұрпаұқтарымыз ғой.Көп үлгі алып, елге адал қызмету етуміз керек.

Іс-шараға Қасымбек Медиұлының ауылдастары, қызметтес достары мен әріптестері қатысты.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...