ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АПАТТЫ ҮЙЛЕР ЖОЙЫЛАДЫ

13:04, 9 қыркүйек 2021

Саран қаласына қарасты РТИ шағын ауданында апатты үйлерді бұзу жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінген. Қаңырап бос қалған ғимаратты сүру үшін жекеменшік инвесторлар да жұмылдырылған

Қабырғасы қақырап, тозығы жеткен үйлерді бұзу үшін жергілікті билік арнайы бағдарлама әзірледі. Бүгінде РТИ  шағын ауданында қалпына келтіруге жарамсыз 25 үй бар. Биыл 11 ғимаратқа талдау жасалып, қазіргі уақытта 9 нысанды бұзу жөнінде ұйғарым шығарылды. Келесі кезекте тағы 14 тұрғын үй сүріледі. Бұл жұмыстар елордалық жекеменшік компанияларға жүктелген.

Алмас СҮЛЕЙМЕНОВ, Саран қаласы әкімінің орынбасары:

-   Тексеріліп өткен үйлердің 50 пайызы қалпына келтіруге келмейтін деп болжанып отыр. Қалпына келтірілмейтін үйлерді бұзамыз. Ал қалыпқа келтіруге болатын үйлдерде құрылыс жүргізіп, дайын пәтерлерді үй кезегінде тұрғандарға  дайындаймыз.

Сондай-ақ аталған ауданда үйлерді қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды. Мәселен, былтыр қос көпқабатты үйге жөндеу жүргізілсе, биыл үшінші шағын ауданында тағы екі үй жаңғыртылды. Бес ғимаратты қалыпқа келтіруге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Келесі жылы тағы 3 нысан   күрделі жөндеуден өткізілмекші.

Алмас СҮЛЕЙМЕНОВ, Саран қаласы әкімінің орынбасары:

- Әзірше біз  қалпына келтіре алатын үйлерді қайта қалыпқа келтіріп жатырмыз. Ол үйлер 3-4 жыл ішінде қаражат бөліп, бос жерлерге жаңадан үй саламыз.

Бұл баспаналар пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға беріледі.  Қалпына келтіріліп жатқан нысандарға қажетті коммуникациялар, жылу жүйелері толығымен тартылады.

Азамат  СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...