АЛАШ КЕМЕҢГЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН КЕШ

16:55, 7 сәуір 2021

31775 әскери бөлімінде көрнекті қоғам қайраткері, алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жылдығына арналған көрме өтті. Тағылымды шараға мерзімді әскери қызметшілер қатысып, өнерлерін ортаға салды

Әдеби танымдық кешке Орталық Қазақстан Академиясының қызметкерлері де қатысты. Шара барысында ұлы ағартушының кітаптары, еңбектері жайлы сөз өрбіді. Ал көрмеде сарбаздар ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы хақындағы қызықты деректерге қанық болды. Қатардағы жауынгерлер ғалымның ұлағатты сөздерін айтып, өз білгендерімен де бөлісті.

Әзілхан РЫСПАЕВ, 31775 ӘБ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

- Бүгінгі кештің негізгі мақсаты осы тау тұлғаның ерен еңбегін ұлықтау, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, зердесіне тоқуына ықпал ету.  Қарағанды қаласы өз ұланын мақтан етеді.  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...