АҚЫН - ЖАЗУШЫЛАР ФОРУМЫ

17:09, 19 қыркүйек 2019

Қарағанды қаласында республикалық ақын-жазушылардың форумы болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпрінен жиналған сөз шеберлері шығармашылық жандарды толғандырған мәселелерді көтерді. ҚР Жазушылар Одағының қатары қарағандылық қаламгерлермен толықты

Жас ақындар форумының салатантты ашылуы жағымды жаңалықтармен басталды.  Енді қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, жарыққа шығады. «Таңдаулы туындылар 90-нан астам елге, яғни, 2,5 млрд оқырманға тарайды. Мемлекет басшысы Азия жазушыларының форумында мәлімдеген бұл бастамаға қаламгерлер қуанып отыр.

Абзал НҮКЕНОВ, облыс әкімінің орынбасары:

-Әрине бұл жұмысарды одан әрі жалғастырмыз. Сіздерді қолдауға әзірміз. Ең бастысы ортақ мүлде елге қызмт ету. Бүгінгі форумда арнайы секциялар болады, еліміздің ақын жазушылар дөңгелек үстел өткізеді.

Қарағанды облысының әкімдігі де ақын жазушыларды қолдауда бірқатар тың жобаларды жүзеге асыруда. Жергілікті қаламгерлердің 3 тілге аударылған антологиясы әзірленді. Жазушылар одағының облыстық кеңесіне арнайы ғимарат берілді. Сонымен қатар шарада  ҚР Жазушылар Одағаның мүшелігіне 4 ақын жазушы қабылданды.

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ, ҚР Жазушылар одағының мүшесі:

-Бұл киелі шаңырақтың мүшесімін деп есептеу бұл шығармашылық адам үшін үлкен бақыт. Әрине маған ештеңе керек жоқ дп біз ақындар айтамыз. Бұның өзінің сыйлайтын қуанышы бар. Өзіңе бір мақтаныш

Республикалық форум әр облыстан келген 100-ден астам ақын-жазушының басын қосты. Қаламгерлерді алаңдатқан мәселелер де аз емес. Олар: позия жарындағы шығармалары халықаралық сайттарда жарық көрсе дейді. Оған  сауатты аударатын мықты мамандардың жоқтығы қол байлау. 

Исраил САПАРБАЙ, ақын, драматург:

-25 жылдың ішінде кітап оқымайтын елге айналып кеттік. Біз материалдық жағдай кетіп қалдық. Жергілікті әкімдер жоғағы жақ биліктер бізге ұайтару керек. Рухани деген қазақ деген ұлттық игілігі

Бұл форум - ғылым мен білім шығармашылығының өркениетпен тоғысқан тұсы. Шарада  бірқатар мәселелер қаралып, ұсыныстар жолданды. Форум соңында қаламгерлер қауымы ақын жазушылар мен билік өкілдері  арасындағы алтын көпір - көптеген жетістіктердің қайнар көзі болады деп тарқасты.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар