ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

13:13, 24 қараша 2021

Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының жүлдегерлері анықталды. Биыл 40-қа жуық жас қаламгер бақ сынаған

Көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауы алтыншы мәрте өткізілуде. Онда16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ден астам жас қаламгер бақ сынаса, биыл 40-қа жуық үміткер проза, публицистика жанрларында шығармаларын ұсынған.

Абзал НҮКЕНОВ,   Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Бүгін бәріміз үлкен шараға жиналып отырмыз. Бұл байқау қазақ ғалымдарының ішінде ұлтымыздың жоғары қоя білген айтулы азаматтардың бірі Аөселеу ағамызға арналып отыр. Оның есімі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты. Қалың қазақ жұртының жүрегінен орын таба білді. Сазгер, күйші ретінде өлмес мұра қалдырды.

Ішкі мазмұны мен жазу стилінің ерекшелігі ескерілген мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне ынталандыру сыйлықтар табысталды. Ал, жас көсемсөз шеберлері арасында бірінші орын «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Мақсат Күземханға бұйырды. Жас жазушылар ішінен 1 орын жезқазғандық  Бақтияр Тұрсыновқа табысталды. Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы бас жүлде ақын, журналист, жеке кәсіпкер Асхат Қажытайға берілді.

Асқат ҚАЖЫТАЙ,     Ақселеу Сейдімбек атындағы байқаудың бас жүлде иегері:

- Бүгінгі қазақтың бір тор ұлы Ақселеу Сейдімбек атындағы конкурсқа қатысып жатқаныма өзім қуаныштымын біріншіден. Бұл байқауға өзімнің Ақселеудің батасы, хәм ақ қыздың шапаны деген дүниемді ұсынғанмын. Ақселеу атамыздан 2007 жылы ақ қыз күйшінің 110 жылдығында бата алғанмын.

Үздіктерді іріктеу арнайы қазылар құрамының шешімімен анықталған. Қос аталым бойынша алғашқы үштіктен көрінгендерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Жансая ЖАРЫЛҒАПОВ,  қазылар алқасының төрағасы:

- Проза саласында қалам тартып жүрген қаламгерлер бар, қазір олар Республикалық деңгейде танылып жүрген қаламгерлер. Ал енді осы келіп түскен жұмыстарды саралай отырған кезеңде, болашағынан үміт күттіретін, жалпы көркем ойлай алатын, проза тілінде сөйлей алатын бірнеше жаңа есімдерді тауып отырмыз

Көрнекті қаламгер, жазушы Ақселеу Сейдімбек атындағы байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Жеңімпаздар марапатынан соң Ақселеу Сейдімбектің«Сарыарқа», «Дәурен-ай!» әндері шырқалып, «Қосбасар» күйі орындалды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...