АҚПАРАТТЫҚ АВТОБУС

16:32, 20 сәуір 2021

Теміртау қаласында вакцина қабылдау бойынша ақпараттық автобус қызметі іске қосылды. Арнайы топ адам нөпірі көп жерлерге барып, екпе салдыру туралы тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға толыққанды жауап береді

Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген ауыр індетті ауыздықтаудың  бірден-бір жолы - екпе қабылдау. Қарапайым халық болса әлі де екі ұдай ойда жүр. Теміртау қалалық жастар ресурстық орталығы қалың көпшілікке   дәйекті мәлімет тарату мақсатында ақапараттық автобус жобасын қолға алды. Арнайы топ шаһардың орталық көшелерін аралап тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айдын  ЖҰМАГЕЛДИНОВ, Теміртау қалалық жастар ресурстық   орталығының директоры:

- Адамдар жақсы қабылдап жатыр. Біз осыған дейін тек ақпараттық жадынамалар таратқан болатынбыз. Тұрғындар тарапы  дәрігер кеңесін қалай, қай жерден алуға болатыны туралы сауалдарын жолдап жатты. Вакцина жайында қазір тұрғындар көп мәлімет білгісі келеді. Сол себепті түсіндірудің ең тиімді жолы осы деп шештік. Бүгінгі  күні біз қаладағы адам шоғыры көп бес аумақты қамтитын боламыз. Бір автобус, онда қала емханаларының дәрігерлері бар. 

Жылжымалы насихат тобында қос ақ халатты маман бар. Автобус сыртында «Вакцина туралы мына жерден біле аласың» жазуы мен баннер де ілулі. Назар аудартқан хабарламаны көрген бойда тұрғындар елеусіз өтпей, бірден келіп жатты. Вакцинаның әсері, екінші мәрте екпе қабылдау тәртібі. Осы іспеттес сан сауалға мамандар толыққанды жауап берді.

Іс-шараның алғашқы күні 300-ге жуық тұрғын тиісті ақпаратқа қаныққан. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғаса бермек. Аптасына 3 мәрте ұйымдастырылып тұрады. Шара барысында түсіндіру жұмыстарынан бөлек,   жадынамалар да таратылды.  

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар