ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АЙМАҚТАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ

21:28, 12 қаңтар 2022

Қарағанды ​​облысының өнеркәсіптік дамуы қандай дәрежеде? Тәуелсіздік жылдарында қандай жетістіктерге қол жеткізілді? Сондай-ақ, алдағы жоспар-жорамалдар қандай? Бұл турасында арнайы өткен брифингте мәлім болды

Тәуелсіздік жылдарында облыстағы кәсіпорындарда  өндірілген өнім көлемі 27 миллион теңгеден 4 триллионға жеткен. Ал өңдеу өнеркәсібінде – 21 миллионнан 3 триллион теңгеге дейін өскендігін көрсетіп отыр. Қара алтынның үштен бірі біздің өңірде өндіріледі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте жауаптылар өткен жылдың көрсеткіштеріне де арнайы тоқталды.

Мұрат ҚЫДЫРҒАНБЕКОВ,  индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі:

– Өнеркәсіп саласында  11 айдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 6 пайызға артып, 3,8 триллион теңгені құрады. Бұл қара металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс индустриясы салаларының өсуінің арқасында мүмкін болды. Өңдеу өнеркәсібінің экспорт көлемі бүгінгі таңда 4,7 млрд АҚШ   долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда бір жарым пайызға өскен. 11 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,1%-ға дейін жеткен. Нәтижесінде ол 670 млрд теңгені құрады. Тартылған инвестициялар  88 пайызды құрайды.

Бүгінде ірі өнеркәсіп орындары экономиканы дамытудың ең тиімді жолдарын қарастыруда. Бұл өндірілетін өнімнің барлық түріне қатысты. Аймақта  2021-2025 жылдарға арналған 50 инвестициялық жоба қолға алынды. Оның 19-ына  шетелдіктер қатысады деп жоспарланған.

Мұрат ҚЫДЫРҒАНБЕКОВ,  индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі:

 - Нұра ауданындағы арнайы кокс өндіретін «Шұбаркөлкөмір», Осакаров ауданындағы «Сарыопан» кен орнындағы  «Сарыопан Оперейтинг» сияқты компаниялар өз жобаларын жүзеге асыруға кірісті. 2022 жылы 2 мың жұмыс орнын құру арқылы 287 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 2023 жылы 2700-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 315 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Негізгі жобаларды атап өтуге болады. Бұл «Каз Карбон» агломерациялық зауыты, «QAZ ENRICHMENT» көмір зауыты, Алайғыр кен орнындағы металл кендерін өндіретін «Эдванс Майнинг» металлургиялық  зауыттары.

Сондай-ақ, облыста «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы 10 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Мұнда барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым қамтылған. Тартылған инвестиция көлемі 102 млрд теңгеден асқан. Нәтижесінде,720-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінгі таңда 22 кәсіпорын арнайы экономикалық аймағында жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде 8 жоба іске қосылған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...