ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АЙМАҚТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚСЫЗ

16:33, 3 шілде 2021

Облыста коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Өткен тәулік ішінде облыс бойынша инфекцияның 463 жаңа жағдайы тіркелді. Ал, жалпы коронавирус басталғалы 39 364 адам ауру жұқтырған

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 2762,6 құрады. Оның ішінде симптомдары бар науқастар – 66,9%. Ал, аурудың ешбір белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар – 33,1%. Жауапты мамандар 25 маусымнан бастап облыста коронавирусты жұқтырушы науқастар санының өскенін мәлімдеді. Егер өткен аптада тәулігіне вирусты жұқтырғандардың орташа саны 200-ге дейін болса, соңғы күндері 2 есеге артқан. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарын қатты алаңдатуда. Сондықтан мамандар облыс тұрғындарын карантиндік шараларды қатаң ұстанып,  вакцина қабылдау - аурудың алдын алуда  жалғыз тиімді жолы екендігін еске салады.

 

 

 

 ОБЛЫС БОЙЫНША КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ                          ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ

Қарағанды қ. – 215

Абай ауданы – 43

Шахтинск қ. – 56

Жаңаарқа ауданы – 23

Теміртау қ. – 33

Қарқаралы ауданы – 1

Жезқазған қ. – 21

Нұра ауданы – 11

Сәтбаев қ. – 15

Ақтоғай ауданы – 1

 

Саран қ. – 16

Осакаров ауданы – 10

Приозерск қ. – 4

Бұқар жырау ауданы – 7

Қаражал қ. – 2

Шет ауданы – 4

Балқаш – 1

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар