АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

16:37, 4 мамыр 2021

Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарағандылықтар ағаш отырғызды. Бұл ауқымды шара Оңтүстік шығыстағы «Ту тұғыр» маңында орналасқан Сарыарқа көшесінде басталып, Республика және Кеншілер даңғылы бойында жалғасты. Мерекеде 1500 түп қарағай және күміс теректер отырғызылды. Оған адам күштері мен коммуналдық саланың барлық техникалары жұмылдырылды

Ауқымды шараға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек бастаған  әкімдік өкілдері, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері, қала тұрғындары және белсенді жастар қатысты.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген қазақы қағиданы ұстанған билік өкілдері осы үрдісті одан әрі жалғап келеді. Осылайша жасыл желек отырғызып, ауаны тазартып, қолайлы микроклимат  қалыптастырмақшы.  

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «BizBarmyz» волонтерлік орталығының жас буын өкілдері де бұқаралық шарадан тыс қалмады.

Ардана МЫРЗАНОВА, «BizBarmyz» волонтерлік орталығының жетекшісі:

Көшет отырғызу шаралары Қазыбек би және Октябрь ауданында қатар жүрді. Сондай-ақ, «Saryarka Akparat» медиахолдингінің ұжымы «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің 90 жылдығына орай 90 тал отырғызды.   

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар