ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ!

12:14, 21 қазан 2021

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен студенттер клубтарының слеті өткізілді. Осының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Үздік эссе және Tik-Tok» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

Студенттер клубтарының слеті - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Парасаттылық, сенім мен  адамгершілік асыл қасиеттердің жастар бойынан табылуы – қоғам тәрбиесінің таптырмас құралы екені айтылды. «Үздік эссе және Tik-Tok» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Анар САТЫБАЛДЫ,  байқау жеңімпазы:

-Жемқорлық –еліміздің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде. Сол жөнінде эссе жаздым.

Байқауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырған. Сайыста жастар эссе жазып, бейнероликтер жасаған. Барлық қатысушыларға  сертификаттар тапсырылып, жеңімпаздарға Департамент басшысы Денис Шакеновтің атынан диплом табысталды.

Мәлика КҮСЕНБАЕВА,   «Saryarqa – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

-Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар ауқымды жүргізілуде. Ерікті клубтардың мүшелері үздік эссе және Tik-Tok байқауына тың жұмыстарын ұсынды.

Департамент өкілдері –  өскелең ұрпақтың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін артырып, адалдық қағидаттарын қалыптастыруға осындай байқаулардың пайдасы орасан екеніне сенімді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...