ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

880 ОРЫНДЫҚ 6 НЫСАН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛМЕК

16:31, 19 шілде 2021

2020-2022 жылы жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерге арнап, 600-ден астам пәтер беру жоспарлануда. Оның 72-сі ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, Елбасының «Студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағдарламсы аясында 880 орынға арналған 6 тұрғын үй жатақхана салынды. Облыс басшысы Жеңіс Қасымбек аталған мәселелерді жедел шешу үшін жұмыстар жасалатынын жеткізді

Жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған жастар үшін тұрғын үй мәселесі өзекті. Қазірдің өзінде 3 мыңнан астам жас тұрғын үй кезегінде тұр. Биылғы жылы облыстың аудан-қалаларында 618 пәтерді жетім балаларға беруді жоспарлап отыр. Ал, ағымдағы жылдың шілде айынан 72 адамға баспана беріле бастайды.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ, облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқарманың басшысы:

-Қарағанды қаласы әкімдігінің жоспарына сәйкес, 2020-2021 жылдарда 5 пәтерден қаладағы үй кезегінде тұрған жастарға үй беріледі. Сондай-ақ, 880 орындық 6 нысан жатақхана есебінен студенттерге жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі.

Әлеуметтік экономикалық зерттеу орталығы мамандарының айтуынша, жыл сайын жетім балаларға берілетін пәтерлер саны өте аз. Оның үстіне оларды ата-анасы табылғаннан кейін кезектен алып тастайды. Қараусыз қалған жасөспірімдерге тұрғын үй бағдарламалары арқылы басқа да жеңілдіктер қарастыру қажет, - дейді Әлия Дәріғұлова.

Әлия Дәріғұлова, «Әлеуметтік-экономикалық зерттеу орталығы» жекеменшік мекемесінің директоры:

-Бір жылда 5 пәтер деген өте аз. Оның үстіне жетім балалардың үй кезегі еш жылжымайды. Оған дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Кеше ғана Шахтинск қаласынан бір жетім бала маған жағдайын айтып келді. Кезегі мүлдем жылжымаған. Олар сонда қайда барады? Жеңіс Махмұдұлы басқа да бағдарламалар арқылы үй беру жағын қарастырсаңыз. Сондай-ақ, оларды мысалы, әке-шешелері 30 жылдан кейін келсе, үй кезегіген алып тастайды. Бұл деген кеше ғана жетімдер үйіне өткізген ата-ана 30 жылдан кейін келіп, баласын бауырына баса қоймас. Сондықтан үй кезегінен алып тастау мәселесін де ойластырсаңыз.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-2020-2022 жылдарға арналған жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналып, бағдарлама аясында жұмыстар жасалып жатыр. Қарағанды облысы жетім балалар ең көп шоғырланған аймаққа кіреді екен. Оның ішінде Осакаров ауданында жетім балалар көп. Қазір жетімдер үйі азайтылып, 5 ғана қалды. 5 үй деген аз. Мен аудан, қала әкімдеріне тапсырма берген болатынмын. 2020 жылы 2019-бен салыстырған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін студент жастарға арнап, 880 орындық жатақхананың 6 нысаны қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, жетім балаларға арнап, 618 пәтермен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар