ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

12:30, 24 қыркүйек 2021

Антикор орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша 2021 жылдың өткен 8 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Арнайы брифинг барысында анықталған заң бұзушылықтар жөнінде айтылды

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік субсидияны аталған салаға мүлде қатысы жоқ кәсіпкерлер алып келген. Осылайша 18 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысы тиісті бағытқа жұмсалмаған. Олқылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары анықтап отыр. Кейбір шаруалар бір ғана техника үшін мемлекеттен екі мәрте субсидия алған. Бұдан бөлек, олар тиісті құжаттарын толық тапсырмастан, қыруар қаржы алған жайттар да көзге іліккен. Қазір ведомствоның сарапшылары мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары фермерлерді қаржыландыру процедурасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, дейді жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары.

Бауыржан ҚҰСАЙЫНОВ,  превенция және парасаттылық басқармасының басшысы:

-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ауқымды жұмыс атқарылды. Мысалға, субсидия беру ауыл шаруашылығы саласында кемшіліктер байқалды. Нақты айтқанда, субсидия белгілі бір тұлғаға құжаттары толық жиналмай берілген. Осы тектес кемшіліктер әлі де назарға алынатын болады.

Осы жылдың 8 айында департамент 8 антикоррупциялық мониторинг  өткізген. Атқарылған шаралар өз нәтижесін беріпті. Мәселен, Қаражал мен Абай қаласындағы мемлекеттік мекеме бұрын соңды коррупциялық қылмысқа барған қызметкерлерді қайта басқарушылық қызметке алған. Оған жауапты мамандар жазаға тартылыпты.

Бауыржан ҚҰСАЙЫНОВ,   превенция және парасаттылық басқармасының басшысы:

-Жер қатынастары саласын алсақ, жерді тиімді, дұрыс пайдаланбаған, заңсыз иемденген тұлға анықталса жер қатынастары мамандары сотқа беруге болады. 20 жер учаскесінде жемқорлық тәуекелдерін анықтау қолға алынды.

Антикор орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі жобаларды қолға алған.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...