ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

66 ЖАСТАҒЫ АҚСАҚАЛ ЙОГАМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

20:52, 8 шілде 2021

Шет ауданы Батық ауылында йогамен айналысатын зейнеткер тұрады. Құралды Жұмағалиев 66 жасына қарамастан шпагатқа еркін отырады. Бір қызығы ол арнайы спорт залдарға барып үйренбеген. Бар болғаны үйіндегі шағын бөлмесінде білетін жаттығуларының басын біріктіріп, күнделікті шынығуды әдетке айналдырған

Құралды Жақияұлының таңы жаттығудан басталады. Спортты серік еткен зейнеткер бұл тың жүрудің кепілі деп біледі. Жүгірмесе де жарты сағат таза ауада жаяу жүріп, физикалық қабілетін арттырады.

Ақсақал бұл жаттығулардың «йога» деп аталатынын білмеген де. Ол денеге сергектік беретін элементтер үнділердің көне спортымен үндесіп жатқанын енді естіген.

Құралды ЖҰМАҒАЛИЕВ, зейнеткер:

66 жастағы зейнеткер тау тұлғасына қарамастан кез-келген қиын деген жаттығуды ырқына көндіреді. Мәселен, шынығу әдісінің бұл түрі бұлшықетті  нығайтады екен. Адамның тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіріп, денені иілгіш етеді. Бұған қоса буынға, мойынға, тізеге, желкеге, омыртқаға тұз жиналмайды. Остеохондроз ауруы ағзадан аулақ жүреді.

Құралды Жақияұлы йогамен 43 жасынан бастап қана шұғылданады. Ол кездері ақсақал тіпті 16 келі салмақтағы кір тасын еркін көтеріп, түрлі трюктар да жасапты. 

Құралды Жұмағалиев, Батық ауылының тұрғыны:

Қария шпагатқа да ойланбай отырады. Қазір немерелерін де осындай қарым қабілетті болуға баулып жүр. Бастысы бұл жаттығулар ақыл-ойды, денені және рухты біріктіреді, - дейді ақсақал.

Құралды Жұмағалиев, Батық ауылының тұрғыны:

Құралды Жақияұлының   Батық ауылында өзінің жеке шаруа қожалығы бар. Төрт түлікті өріске өргізіп, ата кәсіпті дамытып жүр. Мемлекеттік бағдарламалар көмегімен асыл тұқымды ақбас сиырларын өсіруде. Қазір шаруашылық қысқы мал азығын әзірлеп, шөп жинау жұмысына кіріскен. Ал, зейнеткерлікке дейін совхозда шопыр, бригадир, инжинер тәрізді қызметтер атқарған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...