ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

60 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ

15:57, 8 қыркүйек 2021

Абай қаласында жаңаша кейіпке еніп, абаттандырылған аулалар көбейді. Ондағы тозығы жеткен ойын құралдары ауыстырылып, жаңадан спорт алаңдары салынуда

Абай қаласындағы 3 шағын ауданының тұрғындары сапасыз жол, балалар алаңының жоқтығы, көшені жарықтандыру мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Жергілікті билік өкілдері тұрғындардың өтініштерін ескеріп, аулалар ретке келтіріле бастады.

Татьяна РЕЗНИЧЕНКО, "Ольга" ПИК төрағасы:

- Көшелерде жарық пайда болады деп сендірді бізді. Ең бастысы - бізге жол, жаяу жүргіншілер жолын жасап берді.  Жыл сайын көшені тасқын су басып қалатын. Тізеге дейін кешіп жүрдік. Енді бізде тротуарлар бар.

Биыл Абай қаласына 60 жыл толады. Мерейтойға қарсы шаһардағы аулалар абаттандырылуда. Бұған жергілікті халық дән риза.

Светлана СҮЛЕЙМЕНОВА, Абай қаласының тұрғыны:

- Біз қала тұрғындары жасалып жатқан жұмыстарды көріп жатырмыз. Жөнделген жолдарға көңіліміз толуда. Мысалы, біздің балалар алаңы көптен бері жөндеу көрмеді. Биыл жұмыс басталды. Біз өте қуаныштымыз.

Биыл Абай қаласында екі ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Балалар алаңдары мен спорттық-сауықтыру кешендері орнатылды.

Медеу АХМЕТОВ, Абай қаласының әкімі:

- Абай қаласының орталық көшесінде Школьная, Курчатов және басқа көшелерге 4 балалар алаңы орнатылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандырамыз. Оған жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

Абай қаласын көркейту мұнымен шектелмек емес. Келесі жылы да  аулалар жаңартылып, жаңғырту жұмыстары жалғасын таба бермекші.   

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...