ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

516 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛМАҚ

16:49, 21 қыркүйек 2021

Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою аса маңызды. Қалалық аппараттық кеңесте Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Еңбек нарығын дамыту мәселелері жайлы сөз қозғады

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығына жастар арасында 2 837 адам жүгінді. Алайда 2 386 адам ғана жұмысқа орналасқан. Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шеңберінде 283 миллион теңге сомасында 26 шағын несие  берілді. "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 192 адам оқыды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында уақытша жұмыс орындарына 156 адам жұмысқа орналастырылды.

Жанай ЫСҚАҚОВ, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Соңғы 4 жылда жұмыспен қамту орталығында өтініштер саны орта есеппен 1,8 есеге қысқарды. Сондай-ақ, жұмыссыздыққа жалақының төмен болуы мен өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейтіндер себеп болып отыр. Одан кейін күнделікті төлем жасайтын жұмыс орындарында жұмыскерлерге зейнетақы қоры төленбейді. Сондай-ақ, жастарға цифрлық гаджетпен білім мен ақпарат алуға, сауда жасауға, жұмыс істеуге, яғни үйден шықпай-ақ ақша табуға мүмкіндік беретін технологиялардың жылдам прогресі әсер етеді.

Қала басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысынан қалада мамандарды қайта даярлау бойынша қандай орталық жұмыс істейтінін, жастарға қандай жағдай қажет екенін сұрады.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

 -Сіз бүгін есеп беру кезінде барлығын ашық айтып, түсіндіріңіз. Не қажет? Жастар арасында қандай мамандықтар сұранысқа ие? Оларға қандай мүмкіндік керек? Техникалық жабдықтау жағы қалай?

Жанай ЫСҚАҚОВ,  Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Бірінші кезекте, жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Олар орталыққа барғаннан кейін мамандық таңдайды. Содан кейін олар бізге келеді. Оларды өздері таңдаған сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жібереміз.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ, Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Бүгінгі таңда кез келген жұмыссыз электронды еңбек биржасында немесе үкімет порталы арқылы қашықтан egov.kz. тіркеле алады. Мобильді жарнамаңызды компьютер арқылы орналастырады. Сондай-ақ, жұмыс берушінің бос жұмыс орындарына орналастыру мүмкіндігі бар. Толық нұсқаулық пен барлық ақпарат жұмыспен қамту бөлімдері мен орталықтарында орналастырылған.

Мамандар жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орналасуға қалай көмектесу туралы мәселені талқылағаннан кейін  жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар мен жеке кадр агенттіктерін тартуды ұсынды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...