ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

50 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТІ ТАРАТЫЛДЫ

11:58, 25 қараша 2021

«Ана-мама» қайырымдылық қоры мен «Шаңырақ» аналар бірлестігі біргіп 50 отбасына 30 келілік азық-түлік себеттерін таратты. Игілігі мол бастама Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды

Көпбалалы аналарға тартылған себетте күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктің түр-түрі бар. Мұндай игілікті іске бастамашы болған «Ана-мама» қоры.

Марат ТҮСІПОВ, «Ана-Мама» қорының құрылтайшысы:

-Біз бұрыннан да қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп келеміз. Осы жолы «Шаңырақ» аналар орталығымен бірлесіп Тәуелсіздіктің аясында көпбалалы аналарды қуантуды жөн санадық.

Өмірзақ-Қажы БЕКҚОЖА, облыстың бас имамы:

- «Шаңырақ» және «Ана-Мама» қоры осындай қайырлы істі өткізіп жатыр. Жыл бойы жалғаса береді. Келесі эстафетаны «Зекет» қорына табыстаймыз. Осындай жарқын шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

 «Ана-Мама» қоры осыған дейін көптеген көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы аз қамсыздандырылған жанұяларға қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, көпбалалы ана Бақыт Қанафина «Ана-Мама» қоры мен «Шаңырақ» орталығынан үнемі қолдау табатынын жеткізді.

Бақыт ҚАНАФИНА, көпбалалы ана:

-Мен үнемі көмек керек болса, осы қордан сұраймын. Мысалы, бір құжат керек болса да жолын көрсетіп, қалай рәсімдеуін түсіндіріп береді. Өзім көпбалалы анамын. Үнемі «Шаңырақ» пен «Ана-мама» қорынан қолдау тауып келемін.

Ұйымдастырушылар Тәуелсіздікке тарту ретінде бастау алған шараның эстафетасын «Зекет» қоры жалғастыратынын жеткізді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...