4000 АҒАШ, 500 МЫҢНАН АСА ГҮЛ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

16:35, 7 сәуір 2021

McDonald’s 45-ші шағын аудандағы кесілген қарағайлардың орнына теректер отырғызады. Бұл жөнінде Қарағанды қаласының әкімдігінде өткен аппараттық жиында айтылды

Аппараттық жиында шаһарды көгалдандыру мәселесі қозғалды. Қаланың 45-ші шағын ауданындағы McDonald’s-ты салу үшін ағаштарды кесуге мәжбүр болған еді. Жиынға қатысушылар соған баса назар аударды. Отбасылық мейрамхананың маңында шашылған қоқыс та айтылды.

Нұрлан РЫСТИН, Қазыбек би атындағы аудан әкімі:

- Бұл кезеңде біз тек қарды тазалап, қоқыстарды жинаймыз. Ауа райы жағдайлары бізге мүмкіндік беріп, жер аздап құрғаған кезде, біз кез-келген жағдайда McDonald ' s айналасындағы аумақты ретке келтіреміз.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Үміт» шағын ауданы мен Аманжолов, Волачяевский көшелерінде заңсыз шабылған жасыл желекті айтып, оны қалпына келтіруге пәрмен берді. Қала басшысы Мәдениет демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Біз барлығына саябақтарды басқарумен өтемақы төлеуді ұсынуымыз керек. Сондай-ақ, ол қай жерде отырғызылатынын және одан әрі қызмет көрсетумен кім айналысатынын алдын-ала анықтау керек. Олар күтімсіз қалмауы керек. Отырғызылған ағаштар белгілі бір жаста болуы керек, бірақ қандай ағаш екені белгісіз.

Аудан аумағындағы гүлзарларға жалпы саны 4000 ағаш отырғызылмақ. Қосымша қаржыландыру негізінде тасжолдардың бойын 11000 түп жасыл желек жайқалтпақ. Онымен қоса, 500 мыңнан аса гүл екпек.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...