40 МЫҢ ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ

17:26, 10 маусым 2021

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, "Спутник V" екінші компонентімен вакцинация мерзімін 21-ден 45 күнге дейін ұзарту бойынша өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев арнайы брифингте баяндады

Бүгінгі күнге дейін вакцинаның  бірінші компонетін 170 мыңнан астам ал, екінші компонентін 115 мың адам қабылдаған. Коронавирусқа қарсы екпенің қоры облыс бойынша жеткілікті.Соңғы тәулікте тағы 40 мың дозасы жеткізілді.Мамандардың айтуынша, бұл облыс бойынша вирусты ауыздықтауда оң ықпалын береді.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда коронавирустық инфекциямен күресудің негізгі әдісі вакцинация болып табылады. Сондықтан барлық тұрғындарға вакцинациядан өткен жөн деп айтқым келеді. Біз бұл ерікті вакцинация деп айтамыз, бірақ халық арасында иммундық қабаттың 70-80% - ын алғанға дейін бұл коронавирус өзекті болады.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 160 жағдайы расталды. Жалпы, Республика бойынша соңғы тәулікте 1144 адамның жұқтырғаны белгілі болды. КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 1 543 адам сауыққан. Оның 196-сы Орталық өңірдің тұрғындары.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда вакцина қоры тағы да толықты. Біз барлық өңірлерге тараттық. Өздеріңіз білетіндей, бізде Қарағанды облысы бойынша 115 вакцинация кабинеті бар. Сондықтан, екінші вакцинаны алғысы келетіндердің бәрі алады.

Денсаулық сақтау басқармасының мамандары вакцина қабылдайтындардың  көрсеткіші осы деңгейде болса, короновирустық инфекцияны еңсере аламыз дейді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар