34-ШІ АВТОБУС ҚАЙДА?

18:12, 2 ақпан 2021

Жүргізушілердің жоқтығынан №34-ші автобустың жұмысы тоқтаған еді. Қарағанды қаласының әкімі аталған маршрутті қайта қалпына келтіруді тапсырды. Себебі, тұрғындар арасында 34-ші автобусқа деген сұраныс артып тұр. Қарағандылықтар аталған бағыттағы қоғамдық көлікті қайтруды талап етіп жатыр

1-ші, 2-ші және Восток-3 шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктердің проблемасы бұрыннан бар. Қаңтардың соңында бұл жаққа №56-ші автобус шыққан еді. Мәселе шешілгендей болған. Бірақ ол  михаилов шағын ауданына қарай жүрмейді. Проблема осында болып тұр.   

Любовь ПАНТЕЛЕЕВА, тұрғын:

- Бұл ауданда 34-ші автобус сұранысқа ие. Бізге ешкім көңіл бөлмейтін секілді. Қаладан ажырап қалдық. Біз ұжым болып шағым жаздық. Бұндағы  халық саны көп. Қыс кезінде басқа аялдамаларға бару оңай емес.

Аталған мекен-жәйға 34-ші автобустың екеуі ғана келіп жүрді. Жүргізушілері қаңтар айының соңында  жұмыстан шығып кеткен. Қоғамдық көліктің жетіспеушілігінен жолаушылар аялдамада ұзағынан тұруға мәжбүр. Қыстың аты қыс. Шыдамсыздықтан өзге аялдамаларға сенделеді екен.

Александра ЛАМЗИНА, тұрғын:

 - Маяк аялдамасыына сенделеміз. Аяғымыз талатыны рас. Бұл жағдай қазан айынан бері бар.

Қала әкімдігінде өткен аппараттық жиында шаһар әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 34-ші автобус мәселесін біржақты етуді тапсырды. Жергілікті билік өкілдері бұл оңай болмайтынын айтты. Өйткені шешілуі қиын екі проблема бар. Біріншіден – жүргізушілер жоқ, екіншіден– аталған мекен-жәйдан қатынайтын жолаушылардың саны аз.

Рүстем ҚОЖАҚАПАНОВ, коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары:

-  34 маршрут бойынша жолаушылар ағыны мен жүргізушілер жоқ. Жолаушылар ағыны көбейген кезде ғана жағдай жақсарады. Автопаркпен мәселені пысықтап жатырмыз.

Дегенмен, қала әкімі жолаушылардың аздығына сенбеді. Ермағанбет Бөлекпаев «тұрғын саны аз болса, соншама шағым түспес еді» деді. Керекті автобусты күте-күте төзімі таусылып, басқа бекеттерге жаяу кеткендіктерінен қатарлары сирейтінін алға тартты.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Білейік, автопаркпен тағы да сөйлесейік. Жолаушылар ағыны жоқ, бұл бағыт қажет емес деп айта алмаймыз. Бұл мәселе емес!

Тұрғындар 34-ші автобусты қайтарып қана қоймай, 56-ны да өз бағытынынан алмайды деген үмітпен жүр.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...