ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«24 КАДРДАҒЫ ТАРИХ»

15:29, 6 қыркүйек 2021

Биыл Орталық біріккен киностудияның 80 жылдығы. Осы мерейтой қарсаңында Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «24 кадрдағы тарих» атты ретроспективті көрме өтіп жатыр. Көрмеге қандай суреттер қойылды және олардың тарихи маңызы қандай?

Көрме «Қазақфильм» Акционерлік Қоғамының қолдауымен әзірленіпті. Оның  «24 кадрдағы тарих» деп аталуының себебі мынада: көрмеге 24 сурет қойылған. 1940 жылдардағы кино түсіру процестерін, Шәкен Айманов секілді атақты кинорежиссерлердің, қазақ тарихындағы таудай тұлғалардың образын сомдаған актерлердің портреттерін көруге болады.

Үрзада ЕСМҰРЗАЕВА, ғылыми зерттеу және экспозициялық көрме бөлімінің басшысы:

-Көрмеге Шәкен Айманов атындағы киностудияның және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінен алынған құжаттар қойылды. Суреттеріміз тарихи кезеңдерді көрсетеді.

Орталық киностудия өз уақытында 23 толықметражды кинокартина мен 10 қысқаметражды фильм түсірген. Олар соғыс жылдарында халық арасына кеңінен таралған екен. Әсіресе жауынгерлік рухты көтеру мақсатында майдандағы әскери бөлімнің барлығында дерлік көрсетіліпті.

Үрзада ЕСМҰРЗАЕВА, ғылыми зерттеу және экспозициялық көрме бөлімінің басшысы:

-Біріккен Орталық студия  Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында жұмыс істеді. Сол Отан соғысы кезінде жұмыс істеп, отандық өнімнің 80 пайызын өндірді.

1944 жылдың екінші жартысында майдандағы жағдай әлдеқайда өзгеріп, киностудия қайтадан “Ленинфильм” мен “Мосфильмге” қайта қосылды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...