Қарағанды қаласында нөмірі 012-ші шағын автобус жолаушы тасымалдауды қайта бастады. Автопарк көліктерді сатып алып, тиісті бағытта 4 шағын автобус жүргізіпті
Бірде бар, бірде жоқ. 012-ші шағын автобустың хәлі осы еді. Жауапты мекеменің өкілдері аталған бағыттағы қоғамдық көлік өз жұмысын бүгіннен қайта бастағанын мәлімдеді мәлімдеді.
Темірлан ТАЛДЫБАЕВ, Қарағанды қалалық КШ жолаушылар көлігі , автомобиль жолдары секторының бас маманы:
012 Пришахтинск тұрғындары үшін ең керекті қоғмдық көліктің бірі. Себебі онымен Қарағандының Оңтүстік Шығысындағы 30-шы шағын ауданына дейін бара аласыз. Тіпті ол кешкі сегізден кейін де жолаушы тасымалдайды екен.
Пришахтинскінің тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. № 47-ші қоғамдық көліктің де жұмысын қайта жандандыру – жоспарда бар екен. Ол бірінші, екінші, үшінші және бесінші Восток шағын ауданындағы аялдамаларға тоқтайды. Ал, Пришахтинскіден Михайлов ауданына автобус әзірге жүре қоймайды. Билік өкілдері оған сұраныс аз дейді.
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар