ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Рио Олимпиадасында Қазақстан 12-ші орынға көтерілді

21:48, 12 тамыз 2016

Соңғы сайыстарда спортшыларымыз қуантарлық нәтиже көрсете алмады. Қарағандылық дзюдошы Максим Раков пен жас боксшы Абылайхан Жүсіпов дүбрлі додада алғашқы кездесулерін өткізді.

Рио-де-Жанейродағы кезекті сайыстарда қазақстандықтар үш спорт түрі бойынша өнер көрсетті. 50 метрден пневматикалық мылтық атудан Елизавета Король 26-шы орынға тұрақтап, финалға өтпей қалды. Ал 100 келі салмақ бойынша татамида жүлде үшін таласқан қарағандылық дзюдошы Максим Раков эстондық Григорий Минашкинді шидо есебімен жеңгенімен, 1/8 финалында Лукаш Крпалектен басым түсе  алмады. Осылайша жерлесіміз жеңіс жолынан шығып қалды.
Жеңіл салмақтағы боксшымыз Қайрат Ералиев әзербайжандық Джавид Чалабиевті тізе бүктіріп, 1/8 финалына шықты. Алайда Абай қаласының 19 жасар боксшысы Абылайхан Жүсіпов Қайраттың жеңісін қайталай алмады. Тәжірибелі боксшы британдық Пэт Маккормактің күші жерлесімізден басым болды. Абылайханның жеребиде жолы болмағанын айта кеткен жөн. Оған қарсылас ретінде турнирдің тарланы тап болды. Данияр Елеусінов Ұлыбританияның намысын қорғаған Джош Келлиді жойқын жұдырықтарымен тізе бүктірді. Ал Әділбек Ниязымбетов беларустің боксері Доголевті жеңіп, ширек финалға шығып, жанкүйерлерге үміт сыйлады.

Бүгін Рио-де Жанейрода қазақстандық спортшылар 5 спорт түрі бойынша сынға түседі. Алдымен теміртаулық ескекші Владислав Яковлевке жанкүйерлік етеміз. Ол академиялық ескек есуде Ғ финалында жүлдеге таласады. Одан кейін әйелдер арасындағы ескек есу сайысында тағы бір теміртаулық Светлана Германович Е финалында өнер көрсетеді. Олимпиадада жеңіл атлетшілеріміз де жарыс жолына шығады. Диск лақтыру бойынша Евгений Лабутов «А» тобында мықтылығын дәлелдейді. Тағы бір боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға шығу үшін алжирлық Илияс Аббадимен қолғап түйістіреді. Барша қазақстандық сенім артып отырған ауыр атлетші Денис Уланов біздің уақытпен түн ортасы болғанда медальға таласады. Ал таңертең әйелдер арасында 100 метрлік қашықтыққа жүгірудің іріктеу жарысына Ольга Сафронова, Виктория Зябкина және қарағандылық Рима Кашафутдинова шығады.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар