ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандылық Эльмира Сыздықова салды

18:48, 18 тамыз 2016

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін бұрымды балуанымыз қола медальға қол жеткізді. Ол мысырлық Энас Мостафамен сынға түсіп, жеңіске жетті

Бәсеке тартысты өтті. Алғашында мысырлық палуан 1 ұпаймен алға шыққан еді.  Дегенмен, қарсыласының сәл қателескен сәтін ұтымды пайдаланған Эльмира бірден 4 ұпаймен алға шықты. Осылайша кездесудің бірінші кезеңі біздің пайдамызға аяқталды. Есеп 4:1. Ал екінші үшминуттықта қарсыластар тең дәрежеде өнер көрсетті. Кездесу қорытындысы 7:4. Эльмира Сыздықова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 24 жастағы Эльмира Сыздықова Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.  Балуан қыздың қарым қабілетін қаршадай кезінен байқаған  ағасы Райымбек Сыздықов көрінеді. Өзі бапкер болғандықтан болашақ жұлдызды қолына алып,    Қарағанды қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы спорт интернатында оқытады. Сол кездері ағайын-туысқандары нәзік жанның спортпен айналысуына қарсы болғанымен кешегі жеңістен соң барлығы алғыс айтып хабарласып жатқан көрінеді. Спортшы бапкерлеріне  де таңертеңнен түрлі құттықтаулар түсіп жатыр. Еркін күреске Элмираны алғаш болып Владимир Старосельский баулып, жаттықтырған.  Биыл дарынды балаларға арналған спорт мектебінің 45 жылдық торқалы тойы. Атаулы датада жеткен бұл жеңіс мектеп тарихында алтын әріптермен жазылады дейді ұстаздар. Қарағандылық жанкүйерлер жеңімпаз қызды қарсы алуға асық. Себебі бұл- қыздар арасындағы күрес бойынша Қазақстанның алғашқы медалі.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
17:00, 19 тамыз 2016
Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар