ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қоламен қапталып, күміспен күптелген күн

17:00, 19 тамыз 2016

Рио олимпиадасының он үшінші күнінде қазақтандық боксшы Әділбек Ниязымбетов ел қоржынына күміс медаль салды. Байрақты бәсекеде артынша әйелдер күресінен сынға түскен бұрымды балуанымыз да күміспен күптелді

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Әділбек Ниязымбетов ақтық финалда  әлемнің үш дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен кездесті.Бірінші раундта кубалық боксшы қашқақтап бесінші бұрыш іздеп  жүргенімен алайда төрешілердің үшеуі де басымдықты жерлесіміздің қарсыласына берді. Ал екінші раундта Ла Крус алға беттей бастады. Өкінішке қарай, екінші раундта да оғланымыз  есе жіберіп қойды.Сөйтіп Әділбегіміз екінші рет қатарынан олимпиададан күміс медаль олжалады. Әйелдер күресінен 75 келі салмақтағы қазақстандық аруымыз Гюзель Манюрова ақтық кездесуде  канадалық  Эрик Уибеден ұтылып қалды. Айталық  бұрымды балуанымыз жеңіске санаулы минуттар қалған сәтте ғана қарсыласынан  кілт сүрінді. Еркін күрестен сынға түскен  Екатерина Ларионова қола жүлде үшін таласта қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір қола медаль салды. Спорт саңлағы шешуші бәсекеде АҚШ балуаны Екатерина Пирожкованың жауырынын жерге тигізіп,төрткүл әлем алдында  тізе бүктіртті. Әзірге басқа спорт түрлерінен сайыпқырандарымыз  медаль алған жоқ. Арландарымызға ескек есу және байдарка мен каноэден алтын алудың ауылы алыс. Бүгін жанкүйерлер ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Иван Дычконың жартылай финалдағы жекпе-жегіне куә болады. Сонымен қатар алаштың күрзі жұдырықты аруы Дариға Шәкімова да  сынға түседі.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ  

Тақырып бойынша материалдар

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-анасына облыс әкімі пәтер мен автокөлік кілтін тапсырды
20:35, 26 тамыз 2016
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың ата-а...
Толығырақ...
Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандылық Эльмира Сыздықова салды
18:48, 18 тамыз 2016
Олимпиаданың 12-ші күні қоржынымызға 12- медальді қарағандыл...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар