
Олимпиаданың ашылуына орай қарағандылықтар ұйымдастырғаншараға шамамен 200-ге жуық адам қатысып, спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінулеріне осылайша қолдау танытты. Ел абыройын арқалаған жерлестеріміздің Рио-де-Жанейродан жүлдесіз оралмайтындарына сенім білдірді.
Олимпиада ойындары бүгін жалауын желбіретсе, уақыт белдеуі боойынша сағат айырмашылығына қатысты Олимпиаданың ашылуынқазақстандықтар таңғы бесте тікелей эфирде тамашалай алады. Еске сала кетсек, бүкіл әлем көз тігетін 31-ші жазғы Олимпиада ойындары Рио де Жанейро қаласында 5-21 тамыз аралығында өтеді.
Мақсат БЕЙСЕНАЕВ