ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Атыраулық азамат Головкин-Уэйд кездесуінің нәтижесін дәл болжап, смартфон ұтып алды

19:13, 26 сәуір 2016

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ сәуірдің 24-де Лос-Анджелесте өткен Головкин-Уэйд кездесуіне байланысты «Головкин-Уэйд жекпе-жегінің нәтижесін тап та, Samsung смартфонын ұтып ал» атты байқау ұйымдастырған еді.

Осы байқаудың шарттарына сәйкес, кездесудің нәтижесін дәл болжаған атыраулық Бауыржан Дәулетьяров Самсунг Галакси А3 смартфонын жеңіп алды.

Бауыржан Дәулетьяров Атырау облысы, Исатай ауданы,  Хамит Ерғали ауылында тұрады. 1983 жылы туған. «Ерсайын» ЖШС-нің  «Қарабатан» зауытында электрик болып қызмет етеді.  Үйленген, 2 баласы бар.

«Жолдасым мектепте мұғалім. Өзім «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-де электрик болып жұмыс істеймін. Ауылда бау-бақшыа егемін, аңға шыққанды да ұнатамын. Спорт бағдарламаларын жібермеуге тырысамын, әсіресе футболды ерекше қызығып қараймын. Головкиннің де кездесулерін жібермей көріп отырамын. «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлеріне Головкин-Уэйд кездесуін тікелей эфирде таратқаны үшін алғысымды білдіремін. Байқаудың жеңімпазы болғаныма қуаныштымын»,-дейді жеңімпаз.

Тақырып бойынша материалдар

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығын иеленді
18:27, 16 маусым 2016
«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «А...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...