ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жас мамандардың біліктілігін арттыруда

18:00, 19 шілде 2017

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі алыс және жақын шетелдің 30 ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Жыл сайын холдингтен 300-ге жуық студенттер кәсіби тәжірибеден өтеді

Жыл сайын фармацевтикалық зауытта 300-ге жуық студент кәсіби практикадан өтеді. Биыл Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінен бес студент келген. Бір жарым ай көлемінде олар «Химиялық технология», «Биотехнология» мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіруде. Өндірістік практика кезінде студенттер дәріс тыңдап қана қоймай, дәрілік препараттар өндірісінің барлық кезеңдерімен танысып шығады.  Сондай-ақ, заманауи жабдықталған өндірістік учаскелерде жұмыс істейді.

Кирилл Кузнецов Томск ұлттық-зерттеу политехникалық университетінің студенті

- Бұл холдинг біздің мамандығымызға сәйкес арнайы қондырғылармен жабдықталған. Практика барысында биотехнологияның қолданылуы жайлы білдік, жалпы мамандығымызға сай білімімізді жан-жақты жетілдірудеміз.

Айта кету керек, «Фитохимия» холдингінде тәжірибеден  өткен студенттердің көбі бүгінде  мұндағы өндірістік цехта  жұмыс істейді. Солардың бірі Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінің түлегі- Светлана Паньшина. Қарағандылық жас маман шетелде білім алып, туған еліне жұмыс істеу үшін оралған.

Светлана Паньшина «Фитохимия» холдингінің  жас маманы

- мен бұл жерде жұмыс істеп қана қоймай мамандығым бойынша әрі қарай тереңірек оқи ала. Мен аспирантураға түсуді жоспарлап отырмын. Жұмысымды да жалғастыра берем. Қуантарлығы, мен өзіме ұнайтын заманауи қондырғымен жұмыс істей аламын.

Студенттер үшін бұл жұмысқа орналасудың және озық тәжірибе алудың зор мүмкіндік екені сөзсіз. Өндіріс пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық тиімді үдеріс, дейді холдинг қызметкерлері.

Гүлім Мұқышева «Фитохимия» холдингінің бас ғылыми хатшысы

- Ерекше атап өтеу керек, біз Ресей, новосібір, Алтайдың  жоғарғы оқу орындарымен тағыз байланыста жұмыс істейміз.

2018-2020 жылдары  Қарағанды мен Новосібірде бірлескен жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Ол Сібір және Қазақстан өсімдіктерінен алынатын қабынуға, бактерияға  және ісікке қарсы әсері бар жаңа молекулалар жасау негізінде құрылмақ. 

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар