ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының 25 жылдығына орай еңбегі елеулі жандар марапатталды

16:40, 6 маусым 2017

Облыстық медицина саласына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александра Мадиярова күміс белгімен ұлықталды. Ол әзірге мұндай марапатқа ие болған қазақстандық әріптестерінің арасындадағы жалғыз жан

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту жолында табандап тер төккен, майталман мамандарға берілетін марапат өз иесін тапты. Алдағы медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында Александра Мадиярованың мерейі үстем болды. Оның көп жылғы еңбегі еленіп, күміспен күптелді. 

Мереке БУТИНА Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы

Александра Алимгазиевна мамандығына адал адам.Әрістеріміздің ортасында ол кісінің беделі баршылық. Бір ғана қарағанды облысы ғана емес  бұл азаматшаны  еліміздегі кәсіподақ өкілдері  сыйлайды. 

Лайықты жанды құттықтау үшін әріптестері сонау Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан арнайы келіпті.Ал Александра Мадиярованың мектебін көрген, тәлімін терген шәкірттері Қазақстанның күллі өңірлерін де жемісті жұмыс жасап жүр.

Асқар ХОРОШАШ облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары

Медицина жанашырымен көп жылдан бері таныспыз.Мен 6жыл Қарағанды мемлекеттік  медицина универсиететінің кәсіподағында қызмет атқардым.Ұмытпасам тоқсаныншы жылдардың басына қарай  осында студенттердің мәселесін шешуге бірге келдік. Александра Әлімғазқызы үнемі бітер істің басы-қасынан табыла білді.Бір сөзбен айтқандакәсіподақтың нағыз көшбасшы.

Любовь ҚУАНЫШБЕКОВА облыстық кәсіподақ фдерациясының жетекшісі

Әрқашанда бізге қол ұшын созып, бағыт беріп отырады. Ондай дәрежеге ақ халатты абзал жан тынымсыз мехнаттың арқасында жетті. Өз басым сізді үлгі тұтамын.

Аймақ мединасының құрметті өкілі, жиырма жылдан астам кәсіподақ қозғалысында қызмет жасады. Қайда жүрсе де марапат иесі дәрігерлердің жоғын түгендеді, мұңын мұңдады. Тіпті, еңбек шарттарында туындаған даулы мәселелерді бітімгершілікпен, һәм ақылмен шеше білді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар