Бүгінгі күні Қарағанды облысының 19 мыңға жуық тұрғын онкологиялық тіркеуде тұр екен. Сондықтан ақ халатты абзал жандар дер кезінде скрининктік тексерістен өтуге шақырады
Қарағанды облысының тұрғыны Нина Финкке қатерлі ісік диагнозы қойылыпты. Науқасқа уақытылы ота жасалған. Қазір жағдайы бір қалыпты. Ем-домнан кейін дерті асқынбаған. Себебі, ол дәрігерлердің көмегіне дер кезінде жүгініп, қатерлі ісіктің алдын алған.
Нина ФИНК
Басында диагнозымды естігенде қорқыныш үрейі болды. Бірақ, аурудың ерте сатысында диспансерлікке жүгінгендіктен , ота жасалып, барлығы сәтті өтті. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Мейлі ауру болсын, басқа болсын дер кезінде жүгінген абзал.
Қарағанды облысында 19 мыңға жуық адам онкологиялық ауруға шалдыққан. Ем қабылдау үшін мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді. Себебі, Қарағанды онкодиспансері еліміздің ең ірі орталығы болып табылады. Медициналық мекеме сапалы ем алуға қажетті замануи қондырғылармен толық жабдықталған. Облыста 2011 жылдан бастап скринингтік тексерістер өткізілуде. Оған кез келген адам келуге құқылы. Әсіресе, 30 бен 50 жас аралығында тексерілген абзал, дейді дәрігерлер.
Райхан САЙРАНБЕК