ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

САРЫ АУРУДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

18:17, 26 қаңтар 2018

Өңірімізде гепатит «А» диагнозымен 30-дан астам адам ауруханада жатыр. Оның жиырмаға жуығы мектеп оқушылары

Сөйтіп, ауру етек алған бір айға жуық уақыттан бері вирусты гепатитті жұқтыруы мүмкін деген адамдар саны 36-ға жетті. Олардың 18-імектеп оқушылары. Қазір барлығы давирусты гепатит деген диагнозбен облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Оның 24-де нақты гепатит вирусы бары анықталған. Ал, 12-не әлі тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Жақия ЖӘШІБЕКОВА қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі

Қарағанды облысында А гепатитіне шалдығуы мүмкін деген болжаммен ауруханада жатқандар  саны 36-ға жетті. Олардың дені Қарағанды, Шахтинскі, Теміртау қалаларының оқушылары. Қазір науқастармен араласқан 161адам тіркеуге алынып, 133-іне екпе жасалды. Қазір барлық амалдар жасалу үстінде.

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл А гепатитін жұқтырғандардың саны едәуір өскен.Басты кінәрат, науқастар қарапайым тазалықты сақтамаудан вирус жұқтырған деп отыр,- дәрігерлер. Алайда, сары ауруға қарсы екпеге вакцина жақын күндерде ғана жететін көрінеді.

Жақия ЖӘШІБЕКОВА қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі

Ресейде жасалған вакцинация бір күн ішінде арнайы қоймаға жетеді. Бізде, жоспарлы тексеріс 2008 жылдан бастап қолға алынды. Ал, ауырған балалар 2003-2004 жылы туғандар. Сондықтан, оларда мұндай алдын алу шаралары жүргізілмеген. Біз мұндай көрсеткішті дәл осы айда күткен едік.

Ал, бүгінде ата-аналар жоспарлы тексеріске сайбалаларын гепатитке қарсы екпеден өткізе алмай әуреге түсуде. Оған арнайы препараттың болмауы себеп. Мамандар, қажетті дәрі-дәрмек үшінресейлік өндірушілерге тапсырыс берілгенін алға тартуда. Алайда, оның өзі орта жастағы мектеп оқушыларына жетуі екіталай көрінеді. Осындай олқылықтардан соң, өңірімізде өрісін жая бастаған гепатит вирусы кейбір ата-ананың үрейіне айналған.

Ирина ПАКЛЮКОВА қала тұрғыны

Тым құрығанда мектепті бірнеше күнге жаба тұру қажет қой. Сырқаттанғандар саны азаюдың орнына арту үстінде. Бұл жағдай бәрімізді де  қатты алаңдатуда.
Аурудың белең алуынан бастап, мектептердегі санитарлық тәртіп күшейіп, кабинеттер ауыстыру жүйесі алынып тасталған. Дәрігерлер аталмыш сырқатқа шалдығудың біршама артуы, күзде де орын алады деп болжам жасауда. Гепатит «А»вирусы – қолдың лас болуы мен қатар, қайнамаған су ішуден де пайда болады. Сондықтан, жеміс-жидектің өзін жуып жеген жөн,!- дейдіаққалатты абзал жандар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар