ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Облыс орталығында гепатит А диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқандар саны 30-дан асты

17:35, 24 қаңтар 2018

Олардың арасында бір ғана мектептің өзінен жеті бала жатыр

Жасөспірімдерді екпе жүргізу арқылы аурурдан қаншалықты қорғап қалуға болады? Өңір мамандары өрісін жая бастаған гепатитпен қалай күресуде? Жұқпалы вирустан сақтанудың жолы қандай? Гепатит диагнозымен түскен оқушылар саны бір ай шамасына жетпей 20-ға жуықтады. Алайда, ақ халаттылар болса алаңдауға еш негіз жоқтығын алға тартуда. Олардың пайымдауынша, бұл қалыпты жағдай көрінеді.  

Хатуна ДЕВДАРИАНИ  жоғары санатты дәрігер

Гепатит А вирусы ауамен өзге де жолмен берілмейді. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. тек, әрбір адам жеке бас гигиенасын сақтаған абзал. Ал, гепатитпен ауырған балалар қайтып екінші рет ауырмайтын болады.

Гепатитке шалдығушылар саны арта түскенімен кішкентай балаларға екпе жұмыстары бірнеше айдан бері жасалмаған көрінеді. Оған, облыс орталығындағы емханалардың бірқатары екпенің жоқтығын айтып ақталуда. Айтуларынша, ол тек мамыр айынан соң ғана қолда болмақ. Бұл мәліметтер телефон арқылы соғылған қоңырау кезінде белгілі болды. Бүгінде оқушылары гепатит диагнозымен тіркелген мектептерде аурудың алдын-алып, тосқауыл қою жұмыстары жүргізілген. Білім ошақтарында оқыту жағы кестеге сай өтуде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ тілші

Бүгінде гепатит диагнозымен 32 адам ауруханада жатыр. Оның басым бөлігі 13-14 жастағы балалар. Ақ халаттылар болса,  қолдың лас болмауына мән беру қажет деп отыр. Тіпті,  тек қайнаған су ішіп, жеміс-жидекті жуып жеу- жұқпалы ауруға шалдықпаудың басты кілті-дейді абзал жандар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар